Консультативный пункт 24.04.2025г

”Сөйлеп үйренеміз” консультативтік пункті аясындағы нейропсихологиялық ойындарға арналған ойын-практикум*
2025 жылдың 24 сәуірінде біздің балабақшада “Сөйлеп үйренеміз” консультативтік пункті шеңберінде мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалар мен олардың ата-аналарына арналған ойын-практикум өткізілді.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту және түзету.
Жетекші мамандар:
- Қаратун Галина Владимировна — мұғалім- логопед
- Сархад Майрағүл мұғалім— дефектолог
Олар ата-аналармен бірге нейропсихологиялық ойындармен таныстырып, балалардың танымдық және сөйлеу қабілеттерін дамытуға арналған тиімді әдістерді көрсетті.
Практикумда қарастырылған негізгі бағыттар:
- нейроойындардың когнитивті процестер мен сөйлеуді дамытудағы маңызы;
- күнделікті өмірде қолдануға болатын жаттығулар;
- қолжетімді материалдар арқылы нейроойындар жасап, оларды үй жағдайында пайдалану жолдары.
Ойын-практикум ата-аналарға тек пайдалы ақпарат алуға ғана емес, сонымен қатар өз балаларымен бірге ойынға қатысуға мүмкіндік беріп, білім алуды қызықты әрі көрнекі етті.
Осындай іс-шаралар балабақшаға тұрақты бармайтын балалардың отбасыларына кәсіби қолдау көрсетіп, баланың сөйлеу және танымдық дағдыларын дамытуға зор мүмкіндік береді.