Бүгін біздің балдырғандар мектепке қызықты саяхат жасап, ерекше экскурсияға қатысты. Балалар:
- мектеп кітапханасында болды,
- логопедиялық викторинаға қатысты,
- мектеп психологымен танысып, оның қызметі жайлы білді.
Соңында гимназия аспаздары дайындаған дәмді тоқаштардың дәмін татты!
Экскурсия көңілді әрі танымдық форматта өтті!
Балалар жағымды эмоцияға бөленіп, алғаш рет өздерін болашақ мектеп оқушысы ретінде сезінді.
Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық — қазіргі білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі.
Мұндай кездесулер балалардың жаңа ортаға бейімделуін жеңілдетіп, оқуға деген қызығушылығын арттырып, мектеп өміріне оң көзқарас қалыптастыруға көмектеседі.
«Балдырған» балабақшасының ұжымы гимназия директоры Сергей Васильевичке, Светлана Александровнаға және бүкіл ұжымға жас түлектер үшін мазмұнды іс-шара ұйымдастырғандары үшін алғыс білдіреді!



