Білімге алғашқы қадамдар
Теміртау қаласы білім бөлімінің «Балдырған» арнайы балабақшасы» КММ базасында Қарағанды облысы білім басқармасы және «Т.Әубәкіров атындағы гимназия» жекеменшік мекемесімен бірлесіп, «Білімге алғашқы қадамдар» атты қалалық зияткерлік-ойын фестивалі өтті.
Іс-шара «Құзыреттілік орталығы – Өсу нүктесі – Тірек мектебі» бірлестігі аясында ұйымдастырылды.
Фестивальге мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп оқушылары және олардың ата-аналары қатысты: олар түрлі ойындарға, викториналарға қатысып, басқатырғыштарды шешті.
Бұл фестиваль балалар үшін достықта араласуға, жаңа білімге алғашқы қадам жасауға мүмкіндік беретін ортаға айналды. Түрлі жастағы балалардың басын қосқан шара, олардың бірлесіп жұмыс жасауына, жаңа ашылымдардан қуаныш сезінуіне жағдай жасады.



