back-image
КГКП "Ясли-сад "Балбөбек"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП "Ясли-сад "Балбөбек"
Қазақ тілі мұғалімі және дефектолог қызметіне конкурс
27-08-2024 10:04
Құрметті конкурсқа қатысушы үміткерлер! 2024 жылдың 27 тамызынан 16 қыркүйек аралығында Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің “Балбөбек” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қазақ тілі мұғалімі қызметіне 0,5 жүктеме сағатына және дефектолог қызметіне 0,5 жүктеме сағатына конкурс жариялайды. Мекеменің орналасқан жері: Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің “Балбөбек” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны - 101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Кисунько көшесі 7А ғимараты. Мекеменің қызмет түрі: Білім беру саласындағы қызмет (мектепке дейінгі білім беру). Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген); 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото; 4) білім тұралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса); 10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары; 11) түйіндеме; 12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген). 13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективалары.
Новости