back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Балақай" бөбекжайы КМҚК
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Балақай" бөбекжайы КМҚК
Жалпы ата-аналар жиналысы
27-11-2023 19:25
Жалпы ата-аналар жиналысы

Ағымдағы жылдың 23 қараша күні "Балақай" бөбекжайы КМҚК әдіскері Г.Исиркованың ұйымдастыруымен "2023-2024 оқу жылына арналған мақсаттар және міндеттермен таныстыру" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында "Приозерск қалалық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ басшысы Г.С.Онербекова "Битшеңдік" және "Қызылшаны алдын алу" тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бөбекжай әдіскері Г.Исиркова қалалық "Шаңырақ" байқауына белсене қатысып , жүлделі орын алған ата-аналарды марапаттап, биылғы оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттермен және ата-аналар комитетінің құрамын сайлады. Бөбекжай  педагоги - психологы А.Құрал "Ата-аналарға балаларды балабақшаға бейімдеу"  бойынша сауалнама алды. Тәрбиеші Ж.Косбармакова "Әжемнің ертегісі" жобасы аясында ата-аналарға айта отырып, ата-аналармен бірге ертегі құрастырды. Жиналыс соңында бөбекжай әдіскері "Бақытты болу өнері" тақырыбымен ата-аналармен бірге ой қозғап, қорытындылады. Жиналыс соңында ата-аналар өз тарапынан сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Новости