Мамыр айында «Жастар» БЖО «Балалар өнер мектебімен» бірлесіп оқушыларды өздерінің болашақ мамандықтарын таңдауға бағытталған, «Қосымша білім беру жүйесіндегі ерте кәсіптік бағдар беру жұмысы» тақырыбында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізді. Осакаровка кентіндегі мектептердің сынып жетекшілерімен орта және жоғары буын оқушылары шақырылды. Оқушыларды «Жастар» БЖО және «Балалар өнер мектебі» педагогтарымен таныстырып, сыныптар бойынша экскурсия өткізілді. «Жастар» орталығы 5 бағыт бойынша: ғылыми – танымдық, театрлық – музыкалық, көркемдік – эстетикалық, ғылыми – техникалық, спорттық, «Балалар өнер мектебі» көркемдік- эстетикалық, музыкалық бағыттары бойынша жұмыс жасайды. Үйірмешілер әртүрлі деңгейдегі түрлі байқаулар мен фестивальдарда жоғары деңгейдегі марапаттарға ие. Орталықтағы барлық бағыттағы сабақтар оқушыларды еңбекке, отан сүйгіштікке, өнерге баулиды. Орталық оқушыға, жасөспірім буындарға өзіне, жанына жақын мамандықты таңдауға көп мүмкіндік береді. Осы іс-шараның арқасында кәсіби еңбек әлемі туралы түсінік кеңейе түседі.
Экскурсия