Республика күні
Ағымдағы жылдың 23 қазанында Республика күніне орай мәдениет үйінде мерекелік кеш өтті. Іс-шараға “Балалар өнер мектебінің” оқытушылары белсене ат салысты. Айтар болсақ, Наурызхан Анаргүлдің композитор ретінде шығарған әні Осакаров ауданының тұрғындарына паш етілді. Ән өте әсерлі, мағыналы болды. Өнер мектебінің оқытушыларынан құралған ансамбльдың өзі қандай тамаша. Ансамбль жетекшісі: Зейнелова Мақпал
Өнер мектебі тек алға!