.1. Жалпы ережелер
- Заңды тұлға мәртебесі бар Қарқаралы ауданы әкімдігінің «Қарқаралы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының Қажыкен Смайылов атындағы жалпы білім беретін №43 орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Коммуналдық мемлекеттік мекеме) білім беру қызметін және басқа бейкоммерциялық қызметтерді жүзеге асырады. Коммуналдық мемлекеттік мекеме жергілікті бюджеттен каржыландырылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме өз кызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен ҚР заңнамаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазакстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құкықтық актілеріне, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
1.3 Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық мемлекеттік мекеме
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: «Қарқаралы ауданының әкімдігі» ММ
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы: «Қарқаралы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме жанында мектеп бөлімшесінің құрылымы ретінде мектеп жанындағы интернат қызмет жасайды.
- Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы Қарқаралы ауданы әкімдігімен бекітіледі.
- Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің толық атауы:
1.8.1 мемлекеттік тілде: Қарқаралы ауданы әкімдігінің «Қарқаралы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының Қажыкен Смайылов атындағы жалпы білім беретін №43 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
1.8.2 орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа №43 имени Кажыкена Смайылова села ЕгиндыбулакКаркаралинского района Карагандинской области» акимата Каркаралинского района государственного учреждения «Отдел образования Каркаралинского района».
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: индекс 100810, Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданы,Егіндібұлақ селолық округі, Егіндібұлақ ауылы, Қазыбек бикөшесі, құрылыс 14.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің
заңдық мәртебесі
2.1. Үлгісі: бастауыш, негізгі орта білім және жалпы орта білім беруді ұйымдастыру .
- Түрі: мектепалды даярлық тобы және мектеп жанындағы интернаты бар жалпы білім беретін орта мектеп.
2.3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме занды тұлға құқығын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін иеленеді.
2.4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі мен мөртаңбасы болады.
2.5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
2.6. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде өкілдік пен филиалдар болуы мүмкін емес.
3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің
мәні мен мақсаттары
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме кызметінің мәні: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұйымдастыру саласы.
3.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мақсаттары:
3.2.1. орта жалпы білім беру жүйесінде балалардың қызығушылығын қанағаттандыруда, тәрбие мен оқытуда жаңа технологияларды енгізуде жағдай жасау;
3.2.2. әр баланың рухани тұрақтылығы мен ырысын, денсаулығы мен өмірін сақтау;
3.2.3. сау тұлғаны тәрбиелеуде ата-аналарға көмек көрсету;
3.2.4. мемлекеттік стандарт негізінде оқу бағдарламасы мен оқу жоспарына сәйкес оқу-тәрбие жүйесін жүзеге асыру;
3.2.5. оқу-тәрбие үрдісінде білім беру мен тілдерді дамытуды қамтамасыз ету;
3.2.6. оқытуда жаңа технологияларды енгізу.
3.3. Жүзеге асырылатын оқу бағдарламаларының тізбесі:
- стандарттық бағдарламаны қолдану;
- білім беруде түрлі пәндерден авторлық бағдарламаларды қолдану;
- мемлекеттік білім беру стандартының талабын есепке ала отырып, бағдарламаларды өз бетімен жасау, жүзеге асыру;
- балаларды оқыту мен тәрбиелеуде Қазақстан Республикасының Заңына қарама-қайшы келмейтін әдіс-құралдарды, формаларды таңдау.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені
басқару
4.1. Құрылтайшы:
4.1.1.коммуналдық мемлекеттік мекемеге материалдық-техникалық базасындағы мүлікті бекітеді (шұғыл басқару құқығында);
4.2.Уәкілетті орган заңнама тәртібімен бекітілген келесі қызметтерді атқарады:
- коммуналдық мемлекеттік мекемені ұстауға қажетті сметаны бекітеді;
- коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің тиімді қолданылуы мен сақталуына бақылау жасайды;
- коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару органдары құзырлығының құрылымын, қалыптастыру тәртібі мен мерзімін, коммуналдық мемлекеттік мекеме шешімінің қабылдау тәртібін анықтайды;
- конкурс негізінде коммуаналдық мемлекеттік мекеме басшысын тағайындайды.
- коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысын қызметінен босатады;
- коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының құқығын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейді;
- .коммуналдық мемлекеттік мекеменің кұрылымы мен штат санын бекітеді;
- . нормативті-кұқықтық актілерімен бекітілген өзге де қызметтерді атқарады;
- құқықтық актілер бекітеді және орындалуын өзге де коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметшілерінен талап етеді;
- коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысына материалдық жағынан көтермелеу және жазалау шараларын қолданады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мекеме қызметінің сұрақтарын Қазақстан Республикасының Заңнамаларымен және осы Жарғымен анықталатын өз құзыры негізінде шешеді. Мекеме басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға міндетті және сол үшін жеке жауапкершілікте болады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық жасайды, тікелей уәкілетті органға карайды және мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға жауапты;
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы бекітілген заңнама тәртібімен мекеменің қызметін іске асыруда:
4.5.1.сенімхатсыз коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан әрекет етеді
- барлық ұйымдарда коммуналдық мемлекеттік мекеме мүддесін көрсетеді;
4.5.3. бекітілген заңнама тәртібімен мүліктерді қолдануға және ие болуға құқығы бар.
4.5.4. келісім шарт жасайды;
4.5.5. сенімхат береді;
4.5.6. барлық қызметкерлерге міндетті нұсқамалар беріп, бұйрықтар шығарады;
4.5.7.Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен еңбек келісімін жасайды және бұзады;
4.5.8.коммуналдық мемлекеттік мекеменің өз орынбасарларының өкілеті мен өзгеде басқару қызметкерлерінің ортасы мен міндеттерін анықтайды;
4.5.9. заңнамамен, осы жарғымен, уәкілетті органмен артылған өзге де қызметтерді өз құзыреті шегінде іске асырады.
4.5.10. коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне марапаттау шаралары мен тәртіптік жаза қолданады.
4.6. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы:
- білім алушылардың, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен бостандығын бұзғаны;
- өзінің кұзыретіне жатқызылған міндеттерді орындамағаны;
4.6.3. мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
4.6.4. білім алушылардың және білім беру ұйымы қызметкерлерінің оқу-тәрбие үрдісі кезінде өмірі мен денсаулығы;
4.6.5. нормативтік-құқықтық актілерді және еңбек келісім шартында көзделген өзге де талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге оқушыларды
қабылдау тәртібі
- Білім деңгейінің талабына сай жергілікті мекен-жайда тұратын оқушыларды коммуналдық мемлекеттік мекемеге қабылдайды.
- Оқушыларды қабылдау келесі түрде жүзеге асырылады:
5.2.1. ата-аналардың біреуінен өтініш (немесе өзге заңды өкілдері);
5.2.2. туу туралы куәлігінің көшірмесі;
5.2.3. денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт);
5.2.4. тұрғылықты жерінен анықтама;
5.2.5. 2 дана (3х4) фотосурет.
5.3.Оқушы мектепке қабылданғаннан бастап, мектеп бітіргеннен кейін үш жыл сақталатын «жеке іс қағазы» басталады.
5.3.1 туу туралы куәліктің көшірмесі;
5.3.2. 2 дана (3х4) фотосурет;
5.3.3. тұрғылықты жерінен анықтама;
5.3.4. ата-анасының жұмыс орнынан анықтама;
5.3.5. медициналық карта (мектепке қабылданғанда талап етіледі. Оқу кезінде мектептің медициналық кабинетінде сақталады);
5.3.6. психологиялық диагностика нәтижелері жатады
5.4. Екінші сыныптан бастап жаңадан келген оқушыны, алдағы сыныптарды аяқтағанын растайтын құжаттарының негізінде қабылдайды.
5.5.Оқушының басқа коммуналдық мемлекеттік мекемеге ауыстырылуы келесі түрде жүзеге асырылады:
5.5.1. ата-аналардың біреуінен өтініш (немесе өзге заңды өкілдері);
5.5.2. білім ұйымында оқуды жалғастыруды растайтын құжат (талон) негізінде;
5.5.3. негізгі мектепті аяқтағанын растайтын куәлік құжаттары негізінде.
5.6 Оқушыларды коммуналдық мемлекеттік мекемеден шығару Заңнамаға сәйкес мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
5.7 Мектеп жанындағы интернатқа бес жастан бастап он сегіз жасқа дейінгі балалар заңда көрсетілген тәртіп бойынша қабылданады.
5.8 Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
5.9. Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагог ( логопед-дефектолог) жүзеге асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша білім алады.
6. Оқу - тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы,
оқушыларды оқыту тәртібі
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме оқу үрдісін жалпы білім беретін: мектепалды даярлық тобы, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдаламасына сәйкес жүзеге асырады.
- Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие үрдісін ұйымдастыру оқу жұмыс бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларына сәйкес іске асады.
- Оқу және тәрбие үрдісін ұйымдастыруының негізгі білім ұйымында жүзеге асатын оқу, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу болып табылады.
- Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының кұрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты ынта-ықыласы мен қабілеттерін дамытуға бағытталуға тиіс.
- Білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері:
6.5.1 Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына қарай оқыту күндізгі нысанда жүзеге асырылады.
6.5.2 Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
6.6 Оқу кестесі мен оларды өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі;
- Мекеменің жұмыс тәртібі аптасына алты күнді құрайды;
6.8. Мектепалды даярлық тобының жұмыстық үрдісі: сыныптық сағат шеңберінде аптаның алты күнінде жүзеге асырылады.
6.9. Оқыту тілі: қазақ тілі
7. Білім алушылардын үлгерімін
ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды
мемлекеттік аттестаттау жүргізудің жүйесі.
Оларды өткізудің түрі мен тәртібі
7.1Оқушыларға:
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламасын меңгеруін бақылау мақсатында, үлгерімін ағымдағы бақылау
мен аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау түрінде өткізеді.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау мен аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау өткізу мерзімін, тәртібін және түрін өзі таңдайды.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламасын меңгеруін, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқтайды.
8. Білім беру ұйымдардын
білім алушылары және олардың ата-аналарымен
және (немесе) заңды өкілдерімен қарым-қатынасты
рәсімдеу тәртібі
- Оқушылар құқылы:
8.1.1. мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
8.1.2. білім ұйымының кеңесінің шешімімен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары шеңберінде, жеке оқу жоспарлары бойынша оқу;
- білім беру ұйымдарының басқармасына қатысуға;
8.1.4. бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысуға және қайта қабылдануға;
8.1.5. Қазақстан Республикасының Үкіметінде белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарындағы ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен тегін қамтамасыз етілуге;
8.1.6. спорттық, оқу, акт залы мен кітапхананы тегін пайдалануға;
8.1.7. өз пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
8.1.8 өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
8.1.9 оқудағы ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін мараппатталуға құқыбар.
8.2. Оқушылар міндетті:
8.2.1.мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес білім алу, практикалық дағдылармен құзырларының ептілігін меңгеру, ішкі тәртіп ережесін сақтау, орталық атқару органын басқару ұйымның шешімдерін, ұйымның Жарғысымен және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен қарастырылған өзге де талаптарды орындау;
8.2.2. білім алушылар мен тәрбиеленушілер өз денсаулығын аялауға міндетті, рухани және дененің өзін-өзі қалыптасуына талпыну;
8.2.3. педагог қызметкерлерінің намысы мен қасиетін, оқып жүрген оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге;
- оқушылар мектеп формасын киіп жүруге міндетті.
8.3. Оқушының ата-аналарының (немесе өзге заңды өкілдердің) құқықтары:
8.3.1. білім беру ұйымын баланың қалауын, жеке басының бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, таңдауға;
8.3.2. ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
8.3.3. білім беру ұйымдарына өз балаларының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайлары жөнінде ақпарат алуға;
8.3.4. баланы тәрбиелеу мен оқытудағы проблемаларын шешуге кеңестік көмек алуға;
8.3.5. келісім негізінде балаларына қосымша оқыту қызметін алуына;
8.3.6. мекеме мен ата-аналар немесе өзге заңды өкілеттер арасында жасалған келісім-шарты бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік-кұқықтык актілеріне сәйкес балаға қарауын, тәрбие алуын және дамуын талап ету;
8.3.7. мекемеде балалармен жұмысты жақсарту және қосымша қызметті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу;
- .баланың заңды құқығы мен қызығушылығын қорғау;
8.3.9 мемлекеттік мекеме әкімшілігінің рұқсатымен сабақтарға қатысуға.
8.4 Ата-аналардың (немесе өзге де заңды өкілдерінің) міндеттері:
8.4.1 балаларға өмір сүруі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіздік жағдайлар жасауға, олардың интеллектуалдық және дене үшін дамытуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
8.4.2 баланы оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарымен ынтымактастық жасауға;
8.4.3 оқу мекемесіндегі баласының сабаққа қатысуын қамтамасыз ету;
8.4.4 бала жетістіктері мен тәртібінің жағдайын қадағалауға;
8.4.5 күнделік, үй жұмысының орындалуын үнемі тексеру;
8.4.6 демалыс күндері және каникул кезінде баланың денсаулығына, тәртібіне, өмір қауіпсіздігіне жауапты.
9. Меншік нысандарын қолдану тәртібі
9.1 Коммуналдық мемлекеттік мекемеге құрылтайшымен тіркелген жеке меншік нысаны, Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген білім беру қызметін қамтамасыз ету мақсатында колданылады.
9.2 Жер учаскесі, спорт кұрылысы, мектеп жанындағы учаске балалардың физиологиясын жетілдіруге, экологиялық мәдениетке тәрбиелеуде пайдаланылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме
мүлкінің құрылу тәртібі
10.1 Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлік, бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтерін кұрайды. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі:
- оған меншік иесі берген мүлік;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де кіріскөздері есебінен құрылады.
10.2 Коммуналдық мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
10.3 Коммуналдық мемлекеттік мекемені материалдық-техникалық камтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау, нормативтік талаптарға сәйкес жүргізіледі.
10.4 Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық кызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің
қаржыландыру көздері
- Коммуналдық мемлекеттік мекемені қаржыландыру көздері:
11.1.1. бюджеттік қаржыландыру;
- . бюджеттен тыс қаржылар;
11.1.3. демеушілік және қайырымдылық көмек, тегін аударымдар.
11.2 Мемлекеттік ұйымдарын қаржыландыру, білім беру ұйымдарын оқытудың стандарттарын қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаржылары арқылы жүзеге асады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме
қызметкерлерінің штатын толықтыру тәртібі,
еңбегіне ақы төлеу жүйесі, олардың
кұқықтары мен міндеттері
12.1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің штатын толықтыру Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер негізінде орындалады.
12.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталады.
12.3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме кызметкерлерінің Қазақстан Республикасының еңбек және өзге де заңнамада, сондай-ақ еңбек келісімінде қарастырылған құқықтары бар және міндеттерін орындау тиіс.
12.4. Қызметкерлердің құқығы:
- . қолайлы жұмыс жағдайын алуға;
- . тәрбие мен оқытуда жаңа технологиялар мен әдістерді қолдану;
12.4.3. мұғалімдердің семинарлары, конференциясы, съездеріне қатысуға;
12.4.4. эксперимент-тәжірибе жүргізіп, нәтижелерін баспадан шығаруға;
- оқытуда техника құралдарын пайдалануға;
12.4.6. қызметте өсу мақсатында санатын көтеруге шұғыл аттестациялануға;
12.4.7. коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару ұйымының жұмысына қатысуға;
12.4.8 коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінеморальдық жағынан көтермелеу, құрмет белгісімен өзге де белгілер, мадақтамалармен марапатталуына;
12.5. Қызметкерлердің міндеттері:
- еңбек келісім шарттың барлық тарауларын орындау;
- Жарғыны, өзге де нормативті актілерді орындау;
- материалды-техникалық базаны сақтауға жауапкершілік;
12.5.4. мектепте болған уақытта балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау;
- .баланы қандайда бір зорлық-зомбылықтан сақтау;
12.5.6. баланы тәрбиелеу мен оқытуда отбасымен тығыз байланыста болу;
12.5.7. коммуналдық мемлекеттік мекеменің, аудандық, облыстық және республикалық іс-шараларға белсенді қатысу;
12.5.8. әрқашан өзінің кәсіби деңгейін жоғарылату.
12.6 ҚызметкерлерҚазақстан Республикасының еңбек заңдылығына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерге ие.
13. Алқалы органдары, оның қалыптасу
тәртібі мен құзыры
13.1. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде басқарудың алқалық органы құрылады.
13.2. Алқалық басқарудың түрлері төмендегідей бола алады: педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, жалпы жиналыс, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті және т.б.
13.3. Алқалық органның басқару кұзыреті мен қалыптасу тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.
14. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу тәртібі
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
15. Коммуналдық мемлекеттік мекемені
қайта ұйымдастыру және тарату
15.1 Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қайта ұйымдастырылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.