back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «Қаныш Сәтбаев атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «Қаныш Сәтбаев атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «Қаныш Сәтбаев атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұйымның атауы:  Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «Қаныш Сәтбаев атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Заңды мекен-жайы:101012 Молодежный кенті Қаныш Сәтбаев көшесі 17а

Телефон: (8-72148)21582

Электронды пошта23.shkola.63@mail.ru

Оқу мекеменің типі: мемлекеттік

Оқыту тілі: қазақ-орыс

Құрылған жылы: 1963 жылы

Жүйелі жөнделудің жылы: өтізілген жоқ

Қабаттар саны: 3

Ғимараттың көлемі: 1970,7 м2

Жобалық қуаты: 430

Оқушылардың саны: 519 оқушы

Атауын өзгерту:

1963 жылы-№11 ор30та мектеп

1975 жылы- №3 орта мектеп

1995 жылы-№23 орта мектеп

2011 жылы – Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің «Молодежный кентінің №23 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2016 жылы - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің «Молодежный кентінің №23 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі(ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 год- Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «Қаныш Сәтбаев атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесіНегіздеме:

 

Жылдар

Директорлардың аты-жөні

1963

Е.Ф.Шулейко

1964-1968

Б.С.Черкасов

1970-1972

Е.Н.Ткаченко

1972-1974

А.Ф.Ланцевский

1974-1976

М.А.Каханов

1976-1981

З.Л.Береговский

1985-1989

О.В.Соломатина

1989

О.Н.Штраух

1989-1991

И.В.Бульбас

1981-1985

М.Ф.Дудаков

1991-1997

С.С.Кравченко

1997-2002

В.И.Цыбульская

2002-2004

Е.М.Аманбаев

2004-2007

Д.Е.Бекова

2007-2010

С.А.Уразов

2010 -2023

2023 жылдан бастап

М.Б.Мусипова

А.К Ельшина 

Негізгі тарих белестері:

№3 орта мектеп 1963 жылы дәл осы Молодежный ауылында құрылды.

1972  жылы  кент мәртебесін алды. Ертіс-Қарағанды каналын пайдалануға енгізумен және халық санының артуына байланысты мектеп құрылысы басталды.

1963 жылы мектептің бірінші директоры болып Е.Ф.Шулейко тағайындалды. Мектеп құрылғаннан бастап 16 директор қызмет атқарды. Қазіргі мектебіміздің директоры М.Б.Мусипова 2010 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.

1965 жылы мектептің алғашқы 31 түлегі  сегіз жылдық білім туралы куәлік алды. 1970 жылы мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, әрбір кабинеттің әдістемелік жабдықталуын кеңейтуге және оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал еткен кабинеттік оқыту жүйесі ұйымдастырылды.

Алғашқы жылдардан 1993 жылға дейін бала санының көптігіне байланысты мектепте үш ауысымды оқыту енгізілді.

1992 жылы мектеп директоры С.С.Кравченконың тұсында 20 оқушыдан құралған қазақ тілінде оқытатын сынып ашылды. Алғашқы ұстаз - Абдина Айкеш Солтанқызы.

Кәсіби бағдарды дамыту мақсатында мектеп 2005 жылдан бастап екі негізгі бағыт бойынша жұмыс істей бастады: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық.

2008-2009 жылдары химия, физика, биология кабинеттері ашылды. Осы кабинеттердің ашылуы оқушыларға ақпараттық-коммуникативтік технологияларды дамытуға, интернетпен жұмыс істеуге, өзінің веб-сайттарын құруға және функционалдық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік берді.

2016 жылдан бастап ресурстық орталық болып,  2017 жылдан мектеп инклюзивті білім беру бойынша республикалық пилоттық жобаны енгізу бойынша сынақ алаңы болып табылады.

Мектептің жұмыс істеу барысында біздің мұғалімдер жыл сайын өздерінің әдістемелік деңгейін арттырады және қазіргі уақытта олардың төмендегідей біліктіліктері бар:

Педагог-зерттеуші-15

Педагог-сарапшы-8

Педагог-модератор-12

Жоғары санат-1

Бірінші санат-4

Екінші санат-3

Мектептің жетістіктері:

1997жыл Қазақстан республикасының білім беру үздігі (Степанцова Л.С., Уразов С.А.)

2016жыл инклюзивті білім беру бойынша пилоттық жобаны іске асыру

2017жыл Республикалық жоба «Тәжірибе трансляциясы АОО Назарбаев Интеллектуалды мектеп»

2018жыл Республикалық конкурстың облыстық кезеңінен «Методический вернисаж».  2 орын номинацияда «Әдістемелік оқу құралы» (Мусипова М.Б.)

2018жыл «Үздік аттестат» Федорова Мария, Оспанова Жулдыз

2018жыл алғыс хат Қарағанды облысының білім басқармасы Сарсембаева Бахыт Манаповна

2019жыл «Үздік Инклюзивті тәжірибе» облыстық байқау кезенінен 3 орын

2019жыл «Үздік кәсіби бағдар кабинеті» облыстық байқау кезенінен 2 орын

2019жыл Республикалық онлаин байқау Буктрейлер (Өрлеу Қарағанды қ.) – 1орын (Серченя О.Н.), 2 орын ( Омеркулова А.С)

2019жыл Оқулықтарды сараптау бойынша облыстық семинарға қатысу 11 сынып ( Кашенова А.М., Машрапова А.М., Жалелова АШ.)

2019жыл МОН РК алғыс хат (Мусипова М.Б.,Серченя О.Н.)

2019жыл Қарағанды облысының білім басқармасының алғыс хат (Есенгулова М.Ж.)

2020 жыл–грамота Аға тәлімгер облыстық байқауына қатысу (Абдкарим Н.)

2020 жыл - «Алтын белгі» - Арманкызы Аружан

2020 жыл Республикалық конкурстың облыстық кезеңінен «Методический вернисаж».  3 орын номинацияда «Білім беру бағдарламасы»   (Дейнеко Н.В.)

2020 жыл Республикалық онлаин байқау Буктрейлер (Өрлеу Қарағанды қ.) – 1 орын (Сарсембаева Б.М., Айдарбекова А.Х.), 3орын ( Есенгулова М.Ж., Кыздарбекова А.Х.)

2020 жыл Республикалық конкурстың облыстық кезеңінен «Методический вернисаж». 2 орын номинацияда «Құмарлықпен оқыту» (Кыздарбекова А.Б, омеркулова А.С), 3 орын (Серченя О.Н, Степанцова Л.С., Шика И.)

2020 жыл  Білім және ғылым министрінің мадақтамасы ( Жалелова А.Ш., Капашева Н.Ж.)

Мектептің құрылған жылынан бастап 6 мұғалім «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен және 6 мұғалім ҚР БҒМ марапаты  мен алғыс хатымен марапатталды. Мектеп ұжымы ауданымыздағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі болып саналады. Мектептің рейтингі жыл сайын білім сапасының артуымен, оқушылардың әр түрлі республикалық, облыстық және аудандық конкурстарға қатысуымен артып отырады.

Новости