ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ҒАБИДЕН МҰСТАФИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
|
|
КОММУНАЛЬНОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ИМЕНИ ГАБИДЕНА МУСТАФИНА» ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА ТЕМИРТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ
|
101403, Қарағанды облысы,Теміртау қаласы,
Строитель даңғылы, құрылыс №27/1 үй.
тел: 44 -76 -04 ,98-34-65
e-mail: kssh5@ yandex.kz
|
|
101403 Карагандинская область,г. Темиртау,
пр. Строителей,строение №27/1,
тел: 44 -76 -70, 98-34-65
e-mail: kssh5@yandex.kz
|
______________ №_______________________
«Теміртау қаласы білім бөлімі» ММ-нің
басшысы Р. Қ. Қазтаевқа
2021-2022 оқу жылындағы «Тамақтану» бойынша атқарылған іс шараларға ақпарат
Мектеп асханадағы тамақтануын ЖШС «Шкадина » ұйымдастырады.
Тамақтану сапасын бақылау үшін мектеп бойынша «Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия » 01.09.2021№ 264 бұйрықпен құрылды.
Оқу жылының басында « 2021-2022 оқу жылына арналған тамақтануға байланысты атқарылатын іс-шаралар жоспары» бекітілді.
1.Мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің тамақтану мониторингі.
Оқушылардың тамақтану режимі жасалды,кесте, тамақтану ұзақтығы кестеге толтырылды.
Жергілікті бюджеттен 1.04.2022 ж. 1-4 сыныптары,340 оқушы, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен 5-11 сыныптардан 103 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
Барлығы мектепте 850 оқушы болса ,соның 443 оқушысы тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
Ыстық тамақпен күнделікті 80-90 % оқушылар тамақтанады.Барлығы күніне 798 оқушы, 50 педагог тамақтанады.
Кесте бойынша, оқушылардың тамақтану мерзімі сақталып, санитарлық талаптарға сай столдарға орналастырылған.
Бастауыш сынып оқушыларын сынып жетекшілері ұйымдастырып,уақытылы әкеліп,алып кетіп отырады. Ал жоғарғы сынып оқушылары ,тегін тамаққа келетін оқушылар кестесі бойынша ұйымдастырылған.Асхана кезекшілері асхана мәдениетін қадағалап отырады.
Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу монитоингі
2. QR –код арқылы 60 пайыз оқушы қолма қол ақшасыз тамақтанады. Каспиий ,Жусан банк кодтары орналастырылған.
3.
«Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия » 01.09.2021№ 264 бұйрықпен құрылды.
Бракераждық комиссия 01.09.2021№ 209 бұйрықпен бекітілген. АКТ толтырылып,хаттама жазылады.
Комиссия ыстық тамақты ұйымдастыру мониторингісін күнделікті жүргізеді.
Күн сайын медбике Егинбаева К.С. төмендегі бракераждық журналдарды толтырады.
- Тағам және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналы-
- Тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналы - - Журнал «С – дәрумендендіру
- Асхана жұмысшыларының ас блогын бақылау нәтижесінің журналы
Сабаққа қатыс мониторингі толтырылып, «Күнделікті тамақтану мониторингі» жүргізіледі.
Тоқсан қыркүйек,қазан айларына жүргізілген мониторинг бойынша комиссия АКТ толтырылды.
Тамақтану АКТ ,хаттамалары күн тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Оқушыларды тегін тамақпенқамтамасыз ету бойынша «Қамқоршылық кеңес» отырысында
қаралып,хаттама толтырылды.
Бракераждық комиссия отырысында қаралды:
Қыркүйекте:
1. 2021-2022 оқу жылына мектепте бракераждық комиссия мүшелерін сайлау және олардың міндеттерімен таныстыру, құрылу жөнінде бұйрық шығару және жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы;
2. Мектепте перспективалық және күнделікті ас мәзіріндегі тағамдардың әр түрлі болуы, туралы;
3. Есептермен ас мәзірін интернет ресурсына, яғни сайтқа орналастыру және ата-аналардың шағымдары мен ұсыныстары жазылатын журналдарды жүргізу мәселесі;
4. Бракераждық журнал жүргізуімен тамақ өнімдерін жеткізу ережелері туралы
Қазанда:
АКТ қорытындысы бойынша, кезектен тыс отырыс өткізілді.
Қарашада:
1.Мектеп асханасының санитарлық жалпы жағдайы, асхана қызметкерлерінің жұмысы туралы
2 Асхана ыдыстарының сапасын бақылау.
3.Оқушылардың ас мәзіріндегі тағамға деген тәбетін бақылау,тағамның қаншалықты тауысып жейтіндігін бақылау.
Қаңтарда:
1. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы
2. Тамақтандыруда әзірленетін астың сапасы
3.Тағамның оқушылардың физиологиялық өсу ерекшеліктеріне сай екендігін,дәрумендермен қамтылуын қадағалау.
Наурызда:
1.Мектептегі медициналық қызметкер жүргізетін журналдарды тексеру
2.Тамақ пісіру технологиясын қарау.
3. Азық тқлік сақтау орындарының тазалығы,талапқа сай болуы.
Айына 2 рет бракераждық комиссия,айына 1 рет тамақтану сапасын бақылау мониторингі жүргізіледі.
Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты тұлға:
- тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.
Комиссия күн сайын:
пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасына бақылауды жүзеге асырады (тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттардың көшірмелері жеке папкада сақталады);
мәзірдің дұрыс жасалуын бақылауды жүзеге асырады;
тамақтану сапасының мониторингі актісін ресімдей отырып, ас блогының қызметкерлеріне және (немесе) қызметті жеткізушіге алдын ала ескертусіз тамақтану сапасын тексеруді жүзеге асырады
4.Сыныптарда төмендегі тақырыптарда іс шаралар ұйымдастырылды:
1.Қалай дұрыс тамақтану керек?" сынып сағаттары - 1-11 сынып. Қатысқан оқушы саны: 780.
2.Стенд бойынша оқушыларға ақпарат беру ;
3.Асханада « Тамақтану гигиенасы»тамақтанатын оқушылармен сұхбат жүргізіп отыру;
4.1-4 сыныптар арасында дұрыс тамақтануға байланысты сауалнама алынды. Қатысқан оқушы саны: 330.
5.«Дәрумендер дің пайдасы» көрме ұйымдастыру;
6.Бастауыш сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану», «Тамақтану гигиенасы» диктант алынды.
Ата жиналыстарында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы ақпарат беру
Ата аналарға «Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» презентация сабақтары.
Мектеп сайты арқылы күнделікті ас мәзірі фотоға түсіріліп , ата аналарға ақпарат ретінде беріледі.
Директор Ш.М.Ескендирова
Орындаған: ДТІЖО Кулмагамбетова А.О.
87073476431