back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Ағылшын тілі пәні апталығының үшінші күні

Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің “Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі” КММ-де ағылшын тілі пәні апталығының үшінші күнінде шығармашылық пен қиялға толы ерекше күн өтті!

 3–4 сыныптар: Оқушылар сүйікті кітаптарының желісімен көркем постерлер дайындап, шығарманың мазмұнын шығармашылықпен жеткізді. “Reading Poster Contest” байқауы ерекше қызығушылық тудырды.

 5–7 сыныптар: “Story Comics Challenge” аясында оқушылар оқыған туындылары бойынша комикстер құрастырды. Қиял мен көркемдік үйлескен жұмыстар көпшілікті тәнті етті.

 8–9 сыныптар: “Book Trailer Challenge” байқауында оқушылар шығармаларға бейнежарнама жасап, әдебиетке деген жаңаша көзқарасын танытты.

 10–11 сыныптар: “The Relevance of Literature in the Modern World” пікірсайысында оқушылар әдебиеттің бүгінгі қоғамдағы орны жайлы ой қозғады.
Бүгінгі күн – оқушылардың тілдік дағдысымен қатар, креативті ойлау қабілеттерін шыңдауға бағытталды.
Барша белсенді қатысушылар мен жетекшілерге алғысымызды білдіреміз!

@bilimshahtinsk
@umckrg

#біртұтас_тәрбие #gani_beisembayev

Новости