«Білім-өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу ораталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның ғажайып жауһарлары» атты оқушылар арасында эссе жазу сайысы өткен болатын.
Астана қаласында 4-ші қараша күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»атты бағдарламалық мақаласын дарынды жастардың арасында кеңінен насихаттау,жастардың бойында инновациялық идеяларын арттыру,ғылыми шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында Елорданың 25 жылдығына орай «Мен сенемін жастарға» форумы өтті.
Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектебінің 7-сынып оқушысы Өмірханқызы Айзере үздік эссе дипломмен, 11-сынып оқушысы Бахтияр Шынар I дәрежелі дипломмен, «Мен сенемін жастарға » төсбелгісімен және ҚР Президенті сыйлығымен марапатталып, ҚР жүз үздік, дарынды оқушыларының қатарына енді.
Жетекшісі Ондыбаева Гулсая Биргебаевнаға және ата-аналарына Алғыс хат табысталды.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына саяхат өткізді.