back-image
"Абай атындағы Шұбаркөл жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абай атындағы Шұбаркөл жалпы білім беретін мектебі" КММ

"RCEC" халықаралық сапа белгісінің ресми түрде берілуі

Дата: 2025-01-29 19:05:59
Президент сапалы білім — мықты әрі өркендеуші елдің негізі екенін үнемі айтып келеді. Осы мақсатта оқу-ағарту министрлігі 2023 жылы бес негізгі даму бағытын айқындаған болатын. Оның бірі — Ұлттық білім сапасын бағалау жүйесін трансформациялау. 
 
Жұмысты жүйелендірудегі бірінші қадам ретінде 2024 жылы «Білім туралы» заңға «білім сапасы» ұғымының алғаш енгізілуі — бұдан кейінгі өзгерістерге құқықтық негіз болды. 
 
Екінші қадам — Ұлттық білім сапасын бағалау құралы модернизацияланды. Осы бағытта 2023 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта ББЖМ (Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу) халықаралық стандарттарға сәйкес айтарлықтай трансформациялаудан өтті.
 
Үшінші маңызды қадам оның RCEC (Нидерланды) халықаралық аккредитациядан өтуі болды. Бұл қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік талаптарға сәйкестігін айғақтайды. 
 
Бүгінде біз PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерін негізге ала отырып, ұлттық бағалау жүйесін әлі де жетілдіре түсудеміз. Онымен қоса оқытудың жеке траекториясын есепке алу, деректерді өңдеу, талдау үшін цифрлық құралдар енгізілуде. Бұл бастамалардың барлығы бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігінің берік іргетасын қалап қана қоймай, халықаралық қатынастар, оның ішінде Орталық Азия аймағында ынтымақтастықтар құруға жол ашады.
 
Мемлекет саясатында басымдық берілген білім сапасын арттыру бойынша бұл кешенді жұмыстар межелі нәтижелерге қол жеткізуге жаңа серпін береді деп сенемін. 
 
Отандық білім беру жүйесіне қосқан өлшеусіз еңбектеріңіз үшін сіздердің әрқайсыларыңызға шексіз алғысымды білдіремін, әріптестер! Жүйені одан әрі жетілдіріп, көздеген мақсатқа жету үшін Сіздердің еңбектеріңіз аса маңызды.
Новости