back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Медетов Нуржан Каскырбаевич

Дата: 2024-12-11 16:10:02
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Медетов Нуржан Каскырбаевич

Педогог-эксперт, денешынықтыру пәні мұғалімі

Функционалдық міндеттері:

      Тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

      аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың  қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;

       тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

      педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік          психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;

      білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;

      психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;

     мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);

      есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

       ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;

      мектеп парламентінің, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;

      "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

      адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;

      білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

      педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;

      білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;

       туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;

     білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

     білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.   

      мектеп полицейінің қызметін үйлестіруді қамтиды.

     ата-аналарға психологиялық-педагогикалық және құқықтық білім беруді ұйымдастырумен айналысады;

    тәрбие жұмысының жылдық және айлық жоспарларына білім алушылардың, оқытушылардың және білім беру ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен іс-шаралар өткізеді;

    сынып жетекшілерінің біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастырады;

    СӨС, СПИД, экологиялық күзет бойынша педагогтерге нұсқау беруді өткізіп, жұмыста ұйымдастырады;

   сынып және жалпы мектеп ата-аналары комитетінің жұмысын үйлестіреді;

   балалар мен ата-аналар қызығушылықтарын, қажеттіліктерін зерделеу жұмыстарын (педагогтермен, ата-аналармен және қосымша білім беретін мамандармен бірге)

ұйымдастырады және олардың табысты іске асырылуы үшін жағдай жасайды;

  мұғалімдер мен сынып жетекшілері өткізетін сыныптан тыс іс-шараларға қатысып, талдайды

  педагогикалық ұжымның ата-аналар жұртшылығымен жұмысын ұйымдастырады және сайланбалы ата-аналар органдарымен өзара байланыста іс-әрекет жасайды;

  Құқықтық тәрбие

  Патриоттық тәрбие (ҚР Валютасы күні,Тәуелсіздік күні, Ғарышкерлер күні, Ауған даласынан Кеңес Әскерлерінің шығарылған күні, 7 мамыр, 9 мамыр, Рәміздер күні, Астана күні).

  Ұлдар ұйымының жұмысы (Қалалық «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысу).

  суицид «Қиын» балалармен жұмыс

 балалардың танымдық-бос уақытта демалу, шығармашылық, спорттық-туристік, техникалық қызметтерін ұйымдастырумен айналысатын ұжымдық органга басшылық етеді;

 оқушылардың тұлғалық өсуіне, олардың таланттары, ақыл-ой мен дене қабілеттерін зерделейді;

 клубтар, үйірмелер, секциялар, балалар мен ересектердің әр қилы бірлескен қызметтерінің жұмысын ұйымдастырады, 1-11 сынып оқушыларымен жеке жұмыстар жүргізеді;

 каникулда оқушылар демалысының мазмұнды болуын ойластырады;

    әлеуметтік-педагогикалық қызметке жетекшілік етеді, оқушылардың «қатерлі тобын» айқындауды және олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімделуі, түзету мен теңестіру жұмыстарын ұйымдастырады;

     қоғамдық және жастар ұйымдарымен, әскери комиссариатпен, тұрғылықты жердегі кәмлетке толмаған балалар істері жөніндегі инспекциямен өзара әрекеттестікте қызмет жүргізеді;

     балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу бағдарламаларын әзірлеумен айналысады;

     мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару қызметтін реттейді;

    білім алушылар тыныс тіршілігін қамтамасыз етуде сынып жетекшілерінің өздеріне жүктелген міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді, еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелеріне қатаң сәйкестікте еркін қоғамдық пайдалы еңбек ТЖ ұйымдастырады;

    мектеп медициналық –психологиялық педагогикалық консилиумының жұмысына қатысады;

    жыл бойындағы тәрбие жұмысына талдау жасайды;

 кезекші әкімшілік міндеттерін атқарады.

       Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология негіздері;

       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

       экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

       Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

Новости