back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №22"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №22"
Хабарландыру
14-06-2022 10:14
Хабарландыру

Құрметті ата -аналар!

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №949 «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы негізінде 2022-2023 оқу жылына бір реттік көмек бойынша құжатты  11.04.2022ж  күнінен бастап № 25 кабинетке тапсыруларыңызға болады. / тапсырылатын құжаттардың тұпнұсқасын бірге ала келіңіздер жеке куәлік, туу туралы куәлік пен айырылысқан және ата -ананың бірі қайтыс болған кездегі құжаттар /

 

Қазақстан Халық банкінің карточкалық шотын тапсырғанда банктің мөрі басылған анықтама болу керек, егер отбасы "Атаулы әлеуметтік көмек" /АСП/ алатын болса, ата -ана өзімен бірге ата -ана жеке куәлігі, барлық балалардың туу туралы куәлігі және атаулы әлеуметтік көмек бойынша анықтама ғана алып келеді.

 

Сонымен қатар, ата -аналар үйдегі барлық кіріс табысын жан басына бөлгенде 37,389 тенгеге жетпеген әрбір отбасы бір реттік көмекті ала алады/жоғарғыда көрсетілген құжаттарыңыз болса болғаны

Новости