back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №22"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №22"
Мектеп оқушыларына қауіпсіздік ережелерінің нұсқаулығы
20-02-2023 15:47
Мектеп оқушыларына қауіпсіздік ережелерінің нұсқаулығы

Мектеп оқушыларына қауіпсіздік ережелерінің нұсқаулығы

                                                                                                                              Нұсқаулық № ___

Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережесі

Көше ережелері туралы тыңдау.

1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп-тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс. Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.

3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер.

4. Тротуармен келе жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрғанмашинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.

Ауылда

1. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.

2. Алдыңнан машина шықса жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт. 3. Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе.

4. Жер тайғақ болса, жолда абайла.

5. Ауылымызда тротуар жоқ, сондықтан жолдың оң жақ шетімен жүр. Қалада Сен бір қалаға келдің делік. Ауылға қарағанда мұнда адам да көп, машина да көп. Ал енді сол қала көшелеріндегі лек-лек халық пен ерсілі-қарсылы ағылған машина, автобус, троллейбкс, трамвайлар арасынан дұрыс жол тауып өту үшін сен көшеде жүру тәртібінің негізгі ережелерін жатқа білуің керек

Новости