back-image
КГУ "Школа-лицей №20"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Школа-лицей №20"
"Jana Talap 2.0"
16-05-2023 10:24
29.03.2023 жылы  "№20 мектеп-лицейі" КММ-де Saravan of Knowledge іске асыратын "Jana Talap 2.0" жобасы аясында Қазақстан Республикасының Білім министрлігімен және Chevron Munaigas Inc-пен бірлесіп "STEAM-қазіргі қазақстандық мектеп жағдайындағы білім" тақырыбында шеберлік сабағы өтті.    Семинарды жас маман, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, биология пәнінің мұғалімі, директордың БО бойынша  орынбасары Хаметова Амина Жулдызбековна өткізді. Бұл педагог Caravan of Knowledge білім беру ұйымынан "Jana Talap 2.0" жобасы шеңберінде STEAM-білім беру әдістемесін игеру бойынша жылдық курстарынан өтіп жатыр.
Jana Talap - STEAM жаттықтырушыларын даярлаудың сертификатталған бағдарламасы. Халықаралық және қазақстандық тәлімгерлердің жетекшілігімен біздің педагог STEAM-білім беру әдістемелері мен принциптерін оқып-біліп, меңгеруде.  Jana Talap   тәлімгерлерінің арасында білім беру саласындағы сарапшылар мен STEAM — Мичиган мемлекеттік университетінің (АҚШ) оқытушылары, Chevron Enjoy Science (Таиланд) жобасын ұйымдастырушылар , Science on Stage Ambassador (France) және Scientix Ambassador (France) елшісі болып табылатын Michael Gregory бар. Курстың соңында А. Ж. Хаметова STEAM-жаттықтырушы сертификатын алады. Аккредитация алу үшін қорытынды тапсырма-өз аймағының мұғалімдеріне Jana Talap жобасына қатысу кезінде алған барлық білімдерімен бөлісу үшін шеберлік сабағын  өткізуі керек болады. Шеберлік сабағы аяқталғаннан кейін  сабаққа қатысушылар Сaravan of Knowledge сертификатын алатын болады.
Новости