back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Габидена Мустафина"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Габидена Мустафина"
Әлуметтік психологиялық қызмет
20-06-2022 09:26
ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Психолог жұмысының негізгі бағыттары
1.Психологиялық профилактика.
Мақсаты: тұлғаның психскалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.  
2.Психологиялық диагностика.
Мақсаты: тұлғаның  жеке және  жас ерекшелігін, сондай-ақ  тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу.
3.Психо түзету және дамыту.
Мақсаты:оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу бағдарламасымен біліктілікті дамыту.
4.Психологиялық консультация.
Мақсаты: педагогикалық процесстің субъектілеріне кеңес беру.
5.Психологиялық білімді көтеру.
Мақсаты:педагогикалық үрдіске қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.
 Әлеуметтік-психологиялық қызметтің басты мақсаты – даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтің міндеттері:
 
-         оқушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін- өзі тәрбиелеу және өзін -өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
-         ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету
-         психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуметін дамыту;
-         психологиялық қиыншылықтармен оқушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
-         оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау
-         психологиялық проблемаларды шешуде және оқу тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата –аналар мен педагогтерге консултациялық көмек көрсету;
-         білім беру үдерісі субектілерінің психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
                                                       
Новости