back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №24"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №24"
«Turkistan» газетіне берген сұхбатында Президент елдің жаңғырудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.
06-01-2026 12:40
«Turkistan» газетіне берген сұхбатында Президент елдің жаңғырудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Осы орайда мен кейбір аспектілерге тоқталуды жөн көрдім. Атап айтқанда, қайтарылған активтер бойынша жұмыс жасайтын Арнайы мемлекеттік қордың есебінен біршама қаражаттар бөлініп, олар әлеуметтік және коммуналдық жобаларды іске асыруға жұмсалды.
Қарағанды облысы үшін бұл нақты нәтижелер. Өңірде 92 ФАБ салынса, оның 51 – і осы қордан бөлінген қаражат есебінен бой көтерді. Бұл біздің 40 мыңнан астам тұрғынымыз үшін ауыл медицинасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Бірқатар медициналық нысандарды салуға қосымша 7,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 6,2 млрд теңге Қарағандыдағы жаңа онкологиялық орталықтың операциялық-реанимациялық блогын заманауи жабдықтармен жарақтандыруға бағытталды. Бұл медициналық көмектің жоғары технологиялық түрлерін қоса алғанда, жылына 7 мыңға дейін операцияны жүргізуге мүмкіндік береді.
ТКШ саласында 5,2 млрд теңге сомасына су құбыры желілерін салу бойынша 9 жоба аяқталды. Алғаш рет 7 мыңға жуық адам орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілді.
Балқаштағы әуежайды қайта жаңартуға 945 млн теңге бөлінді.
Бұдан біз мемлекеттік ресурстардың аймақтарға қайтарылып, олардың ел игілігіне жұмсалғанын көреміз.
Сондай-ақ, сұхбатта коммуналдық инфрақұрылымның тозу мәселесі атап өтілді. Қарағанды облысы үшін бұл өзекті мәселе. Жағдайды өзгерту үшін «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы іске қосылды. Энергетикалық кешенді жаңғырту жұмыстары басталды. Тарифтерді көтеру - бұл желілерді жаңарту және апаттылықты азайтуға қаражат бөлудің бір тәсілі. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бұл ел өмірінің негізі және осы салаға инвестиция салмай, адамдардың жайлы өмірін қамтамасыз ету мүмкін емес.
 
 
 
 
 
 
 
Новости