back-image
КГУ "Школа - лицей имени Бауыржана Момышулы"
Организации> КГУ "Школа - лицей имени Бауыржана Момышулы"
Мектеп формасына
18-07-2022 11:01
Мектеп формасына

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар


1. Жалпы ережелер

 Осы орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрі-Талаптар) білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін «Білім туралы»2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.  

Жоғарыда көрсетілген талаптар оқытудың зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы әлеуметтік, мүліктік және өзге де айырмашылықтар белгілерін жоюға бағытталған.

2. Осы талаптарда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады: орта білім беру ұйымы-бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

3. Талаптардың мақсаты-міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдары тәсілдерінің бірлігін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орындары басшылығының және қоғамдық кеңестердің (мектеп кеңесі, Қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) жауапкершілігін арттыру.

 4.  Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар орта білім беру ұйымдарының фойесінде, ал танысу үшін орта білім беру ұйымдарының интернет-ресурсында орналастырылады.

2. Орта білім беру ұйымдарын үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар

5. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі-мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының стилі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында, үш түстен аспайтын түстерді араластыруға жол беріле отырып ұсталады. Мектеп формасының түсі жайлы және ашық емес реңктерден таңдалады.

6. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып енгізіледі.

7. Мектеп формасы күнделікті, салтанатты және спорттық болып бөлінеді.

8.Ұлдарға арналған мектеп формасы мыналарды қамтиды:

пиджак, жилет, шалбар, салтанатты жейде, күнделікті жейде (қысқы кезең: трикотажды жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбар еркін кесілген және ұзындығы бойынша аяқтың білектерін жабуы керек.

9. Қыздарға арналған мектеп формасы мыналарды қамтиды:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық блузка (қысқы кезеңде: трикотажды жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбар еркін кесілген және ұзындығы бойынша аяқтың білектерін жабуы керек.

10. Ұлдарға арналған салтанатты форма ақ көйлекпен, қыздарға арналған ақ блузкамен толықтырылған күнделікті формадан тұрады.

11. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық киім: Спорттық костюм (спорттық шалбар, футболка), спорттық аяқ киім (кроссовкалар, кеды).

12. Мектеп формасы негізгі түске сәйкес келетін немесе мектеп формасының түсіне жақын келетін классикалық формадағы галстук.

13. Түрлі конфессиялардың діни тиесілілігі киімінің элементтерін мектеп формасына қосуға жол берілмейді.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.04.2016 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

14. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады

15. Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.

16. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.

17. Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады.

18. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады.

19. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.

20. Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім қоғамдық кеңеспен келісу арқылы қабылданады.

21. Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.

Новости