back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №3"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №3"
Ақпараттар
01-04-2025 22:42
Ақпараттар

https://www.instagram.com/reel/DHLPYa5tODy/?igsh=MWNmZmhxMjhyenFjcw==

Мектебімізде киіз үй тігілді!Ұлыстың ұлы күні қарсаңында мектебімізде киіз үй тігілді. Бұл – ата-бабамыздың көнеден келе жатқан тұрмыс салтының, бірлік пен ынтымақтың символы.Оқушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақ халқының дәстүрімен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Киіз үйіміз мерекелік шаралардың басты көркіне айналады деп сенеміз!

https://www.instagram.com/reel/DHLP7PFtlt5/?igsh=d3hhZ3J0MTY1Ymxs

Көрісу күні құтты болсын!Бүгін мектебімізде ерекше тарихи сәт орын алды – Киіз үйіміздің ашылу салтанаты өтті! Бұл шара ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, оқушыларға ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігін жақыннан таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.Киіз үй – халқымыздың сан ғасырлық мәдениетінің, бірлігі мен берекесінің айқын көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы өскелең ұрпақтың ұлттық рухын көтеруге үлес қоса бермекпіз.Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз! Ақ тілек пен жылы ниетке толы бұл күн әр шаңыраққа құт-береке әкелсін!

https://www.instagram.com/reel/DHLTLODtLl9/?igsh=cDhobG5oanhyNjJn

Көрісу күні құтты болсын!Бүгін мектебімізде Амал мерекесіне орай мұғалімдер бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін білдірді. Бұл дәстүр адамдар арасындағы сыйластықты арттырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісі болып табылады.Мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, бірлік пен татулықты нығайту, жас ұрпаққа ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлерді үйрету.Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Баршаңызға амандық, береке тілейміз!

https://www.instagram.com/p/DHS-Lc2Ndva/?igsh=dXRhbHhsMnh0bHBl

Шаңырақ күні – жылулық пен қамқорлық мерекесі ????Шаңырақ күніне орай әлеуметтік педагог Серік Ж.Б. қамқорлыққа алынған балалардың отбасына барып, оларға арнайы сыйлықтарын табыстап қайтты. Бұл игі шара балаларға қуаныш сыйлап, жанашырлық пен мейірімділіктің маңыздылығын көрсетті.Мақсаты:

            •           Қамқорлыққа алынған балаларға қолдау көрсету

            •           Жылулық пен мерекелік көңіл-күй сыйлау

            •           Қайырымдылық пен бірлікті насихаттауШаңырақтарымыз шаттыққа толы, еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын!????День Шанырака – праздник заботы и теплоты ????В честь Дня Шанырака социальный педагог Серик Ж.Б. посетил семьи подопечных детей и вручил им подарки. Этот добрый жест принес радость детям и подчеркнул важность милосердия и поддержки.Цель:

            •           Оказать поддержку детям, находящимся под опекой

            •           Подарить теплую атмосферу и праздничное настроение

            •           Популяризировать доброту и единствоПусть в каждом доме царят мир, благополучие и радость!

https://www.instagram.com/reel/DHVUeHCN38w/?igsh=MWsxNjVhb2wzMm85dA==

№3 ЖББМ ұжымы сіздерді Ұлттық киім күнімен құттықтайды! ????????Ұлттық киім – халқымыздың бай тарихы мен мәдениетінің айнасы. Бүгінгі күн – ата-бабамыздың салтын дәріптеп, ұлттық болмысымызды құрметтейтін ерекше мереке!????Киелі шапан, оюлы камзол, әсем кимешек – әрқайсысы ұлтымыздың даралығын көрсететін құнды мұра. Біздің мектеп ұжымы бұл күнді ұлттық рухта атап өтіп, дәстүрімізді жаңғыртуға үлес қосуда.✨Ұлттық киім киіп, мәдениетімізді дәріптейік!

https://www.instagram.com/reel/DHaN02MN5J2/?igsh=bXcwd3U4dGRhcTJz

“Күй күмбірі” республикалық челленджі ????Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған “Күй күмбірі” республикалық челленджіне математика пәні мұғалімі Жұмабаева Г.И. қатысып, қазақтың жүректі тербеткен ғажайып туындысы – “Ерке сылқым” күйін орындады! ????✨Домбыраның күмбірлеген үні – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық болмысымыздың бейнесі. Осындай ұстаздарымыз ұлттық өнерді дәріптеп, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп жүргені қуантады!????️ Ұстазымыздың орындауындағы “Ерке сылқым” күйін тамашалаңыздар!

https://www.instagram.com/reel/DHXjUVrNiLu/?igsh=ZjFkYzMzMDQzZg== ????

???? Мейірімділік – әлемді жарқын ететін қасиет!
18 наурыз күні «Мейрім» жеке мекемесі жалғызбасты қарттар мен стационарлық үлгідегі мүгедектерге арналған интернат үйіне қамқорлық танытып, игі іске өз үлесін қосты.
???? Жекешова Д.Т. демеушілік жасап, қарияларға ыстық, дәмді бауырсақ тарту етті. Оның шынайы жүректен жасаған бұл қамқорлығы үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!
???? 9 «Ә» сынып оқушысы Сайлыбеков Саянның анасы – Юлдыз ханым да мейірімділік танытып, қарттарымызға печенье, шоколад, шырын, шай, сүт және тәттілер сыйлады. Бұл жанашырлық әр жүрекке жылу сыйлайтын игі іс екені сөзсіз.
Барша демеушілерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен қайырымдылықтарыңыз үлкен құрметке лайық!
Жақсылық жасау – жүректен шыққан ізгі ниеттің белгісі.
Әрдайым жақсылыққа ұмтылып, айналаңызға мейірім сыйлаңыз!
????

https://www.instagram.com/p/DHp6fk9NUy_/?igsh=OTZzZGV2dWZudWY5

Ұстаздарымызға құрмет! ????????Теміртау қалалық мәслихат төрағасы Ломакин Алексей БорисовичМектебіміздің директоры Малгабылова Саягуль Мажитовнаны және ұстаздар қауымын 22 наурыз “Ұлыстың ұлы “ күнінде “Алғыс хатпен” марапаттады.????Марапат иегерлері:

????Мектеп директоры: Малгабылова С.М.

????Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Манай Г.

????Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Волошина Д.В.

????Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Савосина И.П.

????Химия пәні мұғалімі: Балабекова Н.Р.

????Информатика пәні мұғалімі: Абижат.Х

Алексей Борисович сізге “№3 ЖББМ”КММ ұжымы атынан алғысымыз шексізҰстаздарымыздың еңбегі бағаланып, жоғары деңгейде танылғанына қуаныштымыз! ????Құттықтаймыз! ????Ұстаздық жолдарыңыз әрдайым абыройлы әрі табысты болсын!

https://www.instagram.com/p/DHp6VRGtplT/?igsh=MWZibWZsNG9zeHh4Ng==

Ұстаздарымыз “AMANAT” партиясынан марапатталды! ????????Мектебіміздің бірқатар ұстаздары “AMANAT” партиясының марапатына ие болды! ????Бұл – олардың білім беру саласына қосқан еңбегінің жоғары бағалануы.????Марапат иегерлері:

????Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Оспанова А. С.

????Бастауыш сынып мұғалімі: Манапова Ж.П.

????Педагог-психолог: Успанова Г.Б.

????Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Трубач А.М.

????Тарих пәні мұғалімі: Канафин Т.С.Ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! ????Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, білім беру жолындағы жетістіктеріңіз арта берсін!

https://www.instagram.com/p/DHp7c6wNyvV/?img_index=2&igsh=MTVmczRsMjFoYmV0NQ==

Ұстаздық еңбекке құрметМектебіміздің ұстаздары кәсіподақ төрайымының марапатына ие болды. Бұл – олардың білім мен тәрбиедегі еңбектерінің лайықты бағалануы.Марапат иегерлері:

            •           Бастауыш сынып мұғалімі Манапова Ж.П.

            •           Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кужак Т.С.Құрметті әріптестерімізді құттықтаймыз! Шәкірттеріңіз биіктерден көрініп, еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын.

https://www.instagram.com/p/DHrBNgpNbZu/?igsh=anR0eGo1ZXprMDZo

Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Ломакин Алексей Борисович мектебімізге арнайы келіп, ұстаздарымызды Наурыз мерекесімен құттықтады. Қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестері үшін мұғалімдерді марапаттап, жүрекжарды тілектерін жеткізді.Сондай-ақ, жаңадан ашылған этнографиялық бұрышты аралап, ұлттық қолөнер туындыларын тамашалады. Қазақтың бай мәдени мұрасымен танысып, ерекше әсер алды. Кездесу соңында мектеп директорымен естелік фотоға түсіп, мектепке сәттілік пен жаңа жетістіктер тіледі.

Новости