Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауына пікір.
Біздің мектеп ұжымы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жолдауымен үлкен қызығушылықпен танысты. Мемлекеттік басқару, жасанды интеллект және энергетикалық қауіпсіздік саласындағы ұсынылған бастамалар ерекше назарымызды аудартты. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформаларды жалғастыру әділ қоғам құруға және «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыруға жақындата түседі. Басқару аппаратын оңтайландыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес, өткен кезеңдегі әділетсіз шешімдерді қайта қарау – мұның барлығы Президенттің бастамаларының табысты болатынына деген сенімімізді нығайтады.
Жасанды интеллектті дамыту және енгізу бойынша жұмыс істейтін министрліктің құрылуы еліміздің бұл бағыттағы көшбасшы болуына және ІТ саласында инновациялық әзірлемелерді енгізуде көршілерінен озып шығуына мүмкіндік береді. Мақсатты саясат жүргізетін жаңа министрлік Қазақстанның бұл позицияларда нық орнығуына жол ашады.
Шетелдің үздік компанияларын тарта отырып атом энергетикасын жеделдетіп дамыту еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін алдағы ондаған жылдарға қамтамасыз етеді.
Біз, білім беру қызметкерлері, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамаларын толық қолдаймыз және бүгін жарияланған биік мақсаттардың қысқа мерзімде сәтті жүзеге асатынына сенімдіміз!