Таза Казакстан

“ 3 ЖББМ” КММ ұжымы 2025 жылдың 27 қыркүйегінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына орай ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.
Үлкен жұмыс атқарылды: мектеп айналасы жапырақтан, қураған шөптен, өскіндерден тазартылып, қоқыс жиналды.
Сенбілікке қатысқан барлық жандарды «Тазалық пен әсемдік бар жерде – жан да жадырайды!» деген ұран біріктірді.
Бұл сенбілік біздің мектепте еңбекқор да ұйымшыл адамдардың жұмыс істейтінінің тамаша дәлелі болды.
25 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» атты челлендж бастау алды.
Акцияның мақсаты – тұрғындарды тазалыққа шақыру және әр азаматтың қарапайым ізгі істерімен табиғат пен қоршаған ортаға үлес қоса алатынын насихаттау.
Осы бастамаға 3 “В” сынып оқушылары да атсалысып, өздерінің сыныптағы гүлдеріне су құю арқылы тазалықты сақтауды өздерінен бастап отыр.
Жауаптылар: Токайчук В. Б., Оразай Т.
«Таза Қазақстан» акциясы бойынша мектебіміздегі «Таза мектеп» челленджіне 4»А» сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: 2025-2026 жаңа оқу жылында мектебімізде тазалық жұмыстарын жандандыру, оқушыларды тазалыққа үйретіп, табиғатқа қамқор болуға баулу.
Өткізген: Жексенова У.Д
“Таза Қазақстан” акциясы бойынша мектебімізде “ Таза мектеп” челленджі басталды.
Мақсаты: Бұл іс-шараның мақсаты 2025-2026 жаңа оқу жылына тазалық жұмыстарын жандандыру.
Бөлме гүлдерін ажырата білуге меңгерту. Гүлдерге деген қамқорлық қарым-қатынасын дамыту. Балаларды табиғатқа қамқорлық көрсетуге және аялай білуге тәрбиелеу.
5 “А” сынып оқушылары
Өткізген: Кужак Т.С.
25 қыркүйек күні мектебімізде “Таза Қазақстан” акциясы өтті.
Акция аясында мектептің кіші қызметкерлері бастамашы болып, барлығы бірігіп мектеп ауласын тазарту жұмыстарына атсалысты. Іс-шара барысында ауладағы қоқыстар жиналып, ағаштардың түбі тазаланып, мектеп аумағы ретке келтірілді.