back-image
кгу "ОШ №3"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> кгу "ОШ №3"
Таза Қазақстан
30-09-2025 15:58
Таза Қазақстан
2025 жылдың қыркүйек айында 6 «А» сыныбы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде қатысты.
Мақсаты: Қоршаған ортаны тазалауға және қорғауға деген жауапкершілік сезімін дамыту.
Жетекшісі: Сабырова Ж.Т
 
“ 3 ЖББМ” КММ ұжымы 2025 жылдың 27 қыркүйегінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына орай ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.
Үлкен жұмыс атқарылды: мектеп айналасы жапырақтан, қураған шөптен, өскіндерден тазартылып, қоқыс жиналды.
Сенбілікке қатысқан барлық жандарды «Тазалық пен әсемдік бар жерде – жан да жадырайды!» деген ұран біріктірді.
Бұл сенбілік біздің мектепте еңбекқор да ұйымшыл адамдардың жұмыс істейтінінің тамаша дәлелі болды.
25 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» атты челлендж бастау алды.
Акцияның мақсаты – тұрғындарды тазалыққа шақыру және әр азаматтың қарапайым ізгі істерімен табиғат пен қоршаған ортаға үлес қоса алатынын насихаттау.
Осы бастамаға 3 “В” сынып оқушылары да атсалысып, өздерінің сыныптағы гүлдеріне су құю арқылы тазалықты сақтауды өздерінен бастап отыр.
Жауаптылар: Токайчук В. Б., Оразай Т.
«Таза Қазақстан» акциясы бойынша мектебіміздегі «Таза  мектеп» челленджіне 4»А» сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: 2025-2026 жаңа оқу жылында мектебімізде тазалық жұмыстарын жандандыру, оқушыларды тазалыққа үйретіп, табиғатқа қамқор болуға баулу. 
Өткізген: Жексенова У.Д
“Таза Қазақстан” акциясы бойынша мектебімізде “ Таза мектеп” челленджі басталды. 
Мақсаты: Бұл іс-шараның мақсаты 2025-2026 жаңа оқу жылына тазалық жұмыстарын жандандыру. 
Бөлме гүлдерін ажырата білуге меңгерту. Гүлдерге деген қамқорлық қарым-қатынасын дамыту. Балаларды табиғатқа қамқорлық көрсетуге және аялай білуге тәрбиелеу. 
5 “А” сынып оқушылары
Өткізген: Кужак Т.С.
25 қыркүйек күні мектебімізде “Таза Қазақстан” акциясы өтті.
Акция аясында мектептің кіші қызметкерлері бастамашы болып, барлығы бірігіп мектеп ауласын тазарту жұмыстарына атсалысты. Іс-шара барысында ауладағы қоқыстар жиналып, ағаштардың түбі тазаланып, мектеп аумағы ретке келтірілді.
Новости