
Әдістемелік жұмыс.
Әдістемелік тақырып: «Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту»
Мақсаты: Жаңаша көзқарас арқылы жүзеге асыру барысында әдістемелік көмек беру.
Міндеттері:
1.Әдістемелік апталықтарда жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде критериалды бағалауды нәтижелі түрде жүзеге асыру
2. Жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Болашақта табысты жұмыс жасау үшін тілдік білімді меңгерту
4. Шығармашылық топтардың жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, мұғалімдердің ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту.
5.Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және тарату.
6.Білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру;
7. Жеке тұлғаны зертханалық, ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу
8.Үлгермеушіліктің алдын алу және білім беру қызметінің сапасын арттыру
9.Мұғалімдердің оқытудың цифрлық түрін қолдану үлесін арттыру