back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Теміртау қаласы әкімдігінің «Әлихан Бөкейхан гимназиясы» КММ Мектепішілік олимпиада өткізілуі бойынша қорытынды сараптама
09-12-2022 12:58
Теміртау қаласы әкімдігінің «Әлихан Бөкейхан гимназиясы» КММ Мектепішілік олимпиада өткізілуі бойынша  қорытынды сараптама

Теміртау қаласы әкімдігінің «Әлихан Бөкейхан гимназиясы» КММ

Мектепішілік олимпиада өткізілуі бойынша

қорытынды сараптама

МАҚСАТЫ: мектепішілік олимпиада өткізу арқылы қалалық олимпиадаға ұсынылатын үздіктерді анықтау.

МІНДЕТТЕРІ:

  • Олимпиадаға қатысушы оқушылардың мектепішілік базасын құру;
  • Негізгі пәндерден мектепішілік олимпиада өткізу;
  • Қалалық олипиадаға қатысатын оқушылар базасына өзгерту толықтырулар енгізу;
  • Қалалық кезеңге қатысатын оқушылардың тізімін қайта шығарып, оларды жекелеген пәндерден  дайындық кестесі бойынша үздіксіз дайындау.

Мектепішілік олимпиада 2022 жылдың 28 қазанында 3-11- сыныптар арасында өткізілді. Мектепішілік олимпиадаға барлығы  219 оқушы негізгі 12 пән бойынша екі кезеңмен қатысты. Олимпиада жұмыстары тексеріліп қорытынды сараптама жасалынды,алда тұрған мақсаттар анықталды.  Олимпиаданың өткізілуіне және олимпиаданың комиссия мүшелері    бұйрықпен тағайындалды.

Екі кезеңі аяқталған соң  буындар бойынша қалаға ұсынылатын 41 үздік оқушы  анықталды. 5- 6 сынып бойынша  -12 оқушы, 7-8 сыныптар бойынша - 18 оқушы,  9-11 сыныптар бойынша -21 оқушы қатысып, гимназия намысын қорғайтын болады. Жекелеген пәндер бойынша мектепішілік олимпиада жеңімпаздары гимназия директорының Грамотасымен марапатталды.

 

Мектепішілік олимпиада барысынан көрініс

 Олимпиаданың ашылуы                   Лингвистикалық олимпиада жеңімпаздары

 

Новости