Тақырыбы: |
«Эссе жазудың тиімді әдіс – тәсілдері » атты коучинг сабақ жоспары |
||||
Мақсаты: |
1.Эссе жазудың талаптарын түсіндіру. 2.Эссенің құрылымы мен бағалау криттерийлерін талдау. 3.Талаптарына сәйкес эссе жазуға дағдыландыру. |
||||
Оқу нәтижесі |
Эссе жазудың талаптарын, құрылымын біледі, берілген тақырыпта эссені құрылымына сәйкес жаза алады. Эссе түрлері туралы түсінік алады. |
||||
Негізгі идеялар: |
Эссе жазу, оның түрлерін тәжірибеде қолдану. |
||||
Материалдар мен құрал -жабдықтар |
Эссе туралы презентациялар, флипчарттар, ресурстар, маркерлер, тірек сызбалары. |
||||
Өткізу барысы: |
|||||
Этап |
Тапсырма |
Уақыт |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
|
Топқа бөлу |
«Сағаттың тілі» әдісі арқылы |
5 мин |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Мұғалімдер шеңбер болып сағат тілімен айналады. |
|
Негізгі бөлім (теориялық) |
«Эссе қалай жазылады? Тақырыбындағы презентация бойынша жұмыс |
10 мин |
Презентацияны түсіндіріп, сұрақ-жауап арқылы мұғалімдердің пікірлерін біледі. |
Презентациядағы сұрақтарға жауап береді, презентация бойынша сұрақтар қояды. |
|
Практикалық бөлім. |
Топтық жұмыс: І топ: Эссенің құрылымына сәйкес « Білім сапасын қалай арттыруға болады?» тақырыбында эссе жазуға әзірлік жұмыстарын жүргізеді.
|
15 мин |
Эссенің құрылымын сақтауды түсіндіреді, тезистер дайындауға көмектеседі, ресурстар ұсынады. |
Құрамына сәйкес кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін ойластырады, тезистер мен дәлелдемелерді постерге жазады. (постер) |
|
|
ІІ топ: Эссенің модификациялары бойынша жұмыс.
|
|
Күнделікті сабақтарда қолданылатын, эссе эссе түрлерін түсінуге көмектеседі, бағыт-бағдар береді. |
Эссенің түрлерін талдайды, қандай пәндерге тиімді екенін ақылдасады. |
|
|
ІІІ топ: Эссені бағалаудың критерийлерін талдайды. |
|
Бағаланған эсселерді көрсетіп, бағалау критерийлерін түсіндіреді. |
Әдеби эссені , еркін тақырыптағы эссені бағалауды түсіндіреді, өз пікірлерін білдіреді. |
|
Практикалық бөлім. |
«Жазбаша дөңгелек үстел» |
10 мин |
Барлық қатысушылар бір мезгілде жұмыс жасайды.Бір бірінің жазғанына тәуелді болады. |
Әр топтың жұмысын бағалайды |
|
Рефлексия |
Коучингтің өту барысы туралы кері байланыс парағын толтырады. |
5 мин |
Кері байланыс парағындағы пікірлермен танысады. |
Пікірлерін оқиды. |
|
Дереккөздер:
|
Эссе туралы |
мәліметтер, топшамалар, ресурстар .
|
|||
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің
“Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы” КММ
Эссе жазудың тиімді әдіс – тәсілдері
Workshop коучтер: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Г.Б.Айкеева
Өтілі: 26 жыл
Санаты: педагог - сарапшы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
А.Дүйсенбай
Өтілі: 16 жыл
Санаты: педагог - сарапшы
ТЕМІРТАУ, 2022 ЖЫЛ