back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
«Эссе жазудың тиімді әдіс – тәсілдері » атты коучинг сабақ жоспары
11-01-2023 14:40

Тақырыбы:

«Эссе   жазудың тиімді әдіс – тәсілдері »

атты коучинг сабақ жоспары

Мақсаты:

1.Эссе  жазудың  талаптарын  түсіндіру.

2.Эссенің  құрылымы  мен  бағалау  криттерийлерін  талдау.

3.Талаптарына  сәйкес  эссе  жазуға  дағдыландыру.

Оқу  нәтижесі

Эссе  жазудың  талаптарын, құрылымын  біледі, берілген  тақырыпта  эссені  құрылымына  сәйкес жаза  алады. Эссе  түрлері  туралы  түсінік  алады.

Негізгі  идеялар:

Эссе жазу, оның  түрлерін  тәжірибеде  қолдану.

Материалдар мен  құрал  -жабдықтар

Эссе  туралы  презентациялар, флипчарттар, ресурстар, маркерлер,  тірек  сызбалары.

Өткізу  барысы:

Этап

Тапсырма

Уақыт

Коучтың  іс-әрекеті

Мұғалімнің  іс-әрекеті

Топқа  бөлу

«Сағаттың тілі» әдісі арқылы

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мұғалімдер шеңбер болып  сағат тілімен айналады.

Негізгі  бөлім

(теориялық)

«Эссе  қалай  жазылады?  Тақырыбындағы  презентация  бойынша  жұмыс

10 мин

Презентацияны  түсіндіріп, сұрақ-жауап  арқылы  мұғалімдердің  пікірлерін  біледі.

Презентациядағы  сұрақтарға  жауап  береді,  презентация  бойынша  сұрақтар қояды.

Практикалық  бөлім.

Топтық  жұмыс:

І  топ:  Эссенің  құрылымына  сәйкес « Білім  сапасын қалай арттыруға  болады?»  тақырыбында  эссе жазуға  әзірлік жұмыстарын  жүргізеді.

 

15  мин

Эссенің  құрылымын  сақтауды  түсіндіреді, тезистер  дайындауға  көмектеседі, ресурстар  ұсынады.

Құрамына  сәйкес  кіріспе, негізгі,  қорытынды  бөлімдерін  ойластырады, тезистер  мен  дәлелдемелерді  постерге   жазады. (постер)

 

ІІ  топ:  Эссенің  модификациялары  бойынша  жұмыс.

 

 

Күнделікті  сабақтарда  қолданылатын, эссе  эссе  түрлерін  түсінуге  көмектеседі,  бағыт-бағдар  береді.

Эссенің  түрлерін  талдайды, қандай  пәндерге  тиімді  екенін  ақылдасады.

 

ІІІ  топ:  Эссені  бағалаудың  критерийлерін  талдайды.

 

Бағаланған  эсселерді  көрсетіп, бағалау  критерийлерін  түсіндіреді.

Әдеби  эссені  , еркін  тақырыптағы  эссені  бағалауды  түсіндіреді,  өз  пікірлерін  білдіреді.

Практикалық  бөлім.

«Жазбаша дөңгелек үстел»

10 мин

Барлық қатысушылар бір мезгілде жұмыс жасайды.Бір бірінің жазғанына тәуелді болады.

Әр топтың жұмысын бағалайды

Рефлексия

Коучингтің  өту  барысы  туралы  кері  байланыс  парағын  толтырады.

5 мин

Кері  байланыс  парағындағы  пікірлермен  танысады.

Пікірлерін  оқиды.

Дереккөздер:

 

Эссе  туралы

мәліметтер,  топшамалар, ресурстар .

 

           

Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің 
“Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы” КММ

             

Эссе   жазудың тиімді әдіс – тәсілдері

 

                                                Workshop коучтер: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                                          Г.Б.Айкеева

                                                                                          Өтілі: 26 жыл

                                                                                     Санаты: педагог - сарапшы

                                                                                 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                                          А.Дүйсенбай

                                                                                         Өтілі: 16 жыл

                                                                                     Санаты: педагог - сарапшы

 

 

 

 

ТЕМІРТАУ, 2022  ЖЫЛ

 

Новости