Бірыңғай мектеп формасын кию: ұлдардың сыртқы келбеті- қою көк түсті шалбар, бір түсті көйлек (мереке күндері ақ түс) қою көк пиджак; қыздар- қою көк түсті пиджак, юбка қою көк түсті, немесе көйлек.
Оқушылардың сыртқы келбетін кезекші мұғалімдер мен әкімшілік бақылап, негізгі тәртіп бойынша киінуін талап етеді.
Оқушы сабақ басталмас бұрын 15-20 минут ерте келуге және өзімен бірге таза екінші аяқ киімді алып жүру керек.
Мектеп ішінде сыртқы киіммен жүруге тиым салынады.
Кешігіп келген оқушыны кезекшілік әкімшілік немесе кезекші мұғалім тіркейді. Сабаққа кешіккен оқушы кезекшілік әкімшілігінің рұқсатымен сабаққа жіберіледі.
Мектепке бөгде адамдар тек кезекшілік әкімшіліктің рұқсатымен кіреді.