back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Гимназиямызда "TEMIRTAU.DEBATE CUP I" турнирі 7-10 сынып арасында өтті.
24-02-2023 16:11
Гимназиямызда
Гимназиямызда "TEMIRTAU.DEBATE CUP I" турнирі 7-10 сынып арасында өтті. Турнир 3 кезең тұрған еді:эссе жазу сайысы, семинар тренингтер, турнир. Тренингтерді өткізген және төрешілік еткен тренерлер Қарағанды пікірсайыс клубының үздік тренерлері келді. 11 ақпан күні бірінші эссе кезеңінен іріктелген оқушылар қатысты. Семинар тренингте "Форматтарды түсіндіру","Қарар анализі", "Дебат маған не береді" секілді тренингтер жүргізіліп, балалардың коммуникациялық қабілеттерін дамыту мақсатында қызықты ойындар жүргізілді. 12 ақпан күні балалардың алған теориялық білімдерін көру мақсатында екі раундтан тұратын турнир ұйымдастырылды. Турнирге 16 команда тіркеліп,  ойын көрсетті. Тәжірибе алмасу мақсатында бас төреші шешімімен командалар аралас мектеп оқушыларымен жасақталды. 16 команда ішінен бас жүлдені "Алтын Орда" командасы иеленсе, "Сакура"  командасынан 9"А" сынып оқушысы Умирзахова Ақерке 1- орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Екі күндік жобада бас төреші болған Рабиға Пазылханқызы және де бізге демеушілік еткен кәсіпкер ата-ана Умирзахов Нұрлан мен Жастар ресурстық орталығына алғыс айтамыз!
Новости