back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Гимназия, ата-ана, оқушы –үштік одағының бірлігі жарасқан күн. 23 ақпан күні «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ-де «БІЛІМ ЖОЛЫ-ІЗДЕНІС, ДАМУ ЖОЛЫ-ӨЗГЕРІС» тақырыбында «Ашық есік» күні өткізілді.
24-02-2023 16:16
Гимназия, ата-ана, оқушы –үштік одағының бірлігі жарасқан күн. 23 ақпан күні «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ-де «БІЛІМ ЖОЛЫ-ІЗДЕНІС, ДАМУ ЖОЛЫ-ӨЗГЕРІС» тақырыбында «Ашық есік» күні өткізілді.
Гимназия, ата-ана, оқушы –үштік одағының бірлігі жарасқан күн.
23 ақпан күні «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ-де «БІЛІМ ЖОЛЫ-ІЗДЕНІС, ДАМУ ЖОЛЫ-ӨЗГЕРІС» тақырыбында «Ашық есік» күні өткізілді. 
Мақсаты: Оқыту үдерісіндегі жаңашыл бастамалар мен инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа көзқарасты оқушы даярлауда ата-аналардың ықпалын, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру. 
 «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп Әбу Насыр Әл –Фараби айтқандай, тәуелсіздік тұтқасын ұстар тәуелсіз елдің ұландарының білімі мен қатар тәрбиесі де әрдайым басты назарда. 
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп, отбасындағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген ата-аналарымыз ашық тәрбие сағаттарын өткізіп, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысты. Баланың жан-жақты толыққанды дамыған тұлға болып қалыптасуына мектептің де, ата–ананың тәрбиесінің де маңызы зор. Мектепте алған тәрбиесі мен отбасынан алған үлгісін өміріне азық ете білсе, ХХІ ғасыр игілігіне жарата білсе –зор қуаныш.
 Мектеп мұғалімдерінің өзара тәжірибе бөлісіп, өз білімі мен білігін сынау үшін ұйымдастырылған шаралардың  қайсысында болмасын, ата-аналардың белсенділікпен қатынасуы іс-шараның көрігін қыздыра түсті.
 Ата-аналарымыз курстар бойынша көрмелер бойынша оқушылардың жасаған жұмыстарын тамашалп, зерттеу жұмыстарына экскурсия жасады.
 Шара соңында мәжіліс залында жиналыс өткізіліп, белсенді қатысқан ата-аналарымызды гимназия директоры К.А.Нургалиева «Алғыс хатпен» марапаттады.
Аталмыш шараға 100-ге жуық ата-ана қатысты.
Новости