back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
«Олимпиада жүлдегерлері-2023»
13-03-2023 17:56
«Олимпиада жүлдегерлері-2023»

«Олимпиада жүлдегерлері-2023»
салтанатты жиыны өтті
Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» әкімшілігі биылғы оқу жылы бойынша қалалық үлкен олимпиададан жеңімпаз оқушыларды салтанатты түрде марапаттады. Пән олимпиадасы - үздіксіз дайындалған еңбектің жемісі, дайындаған ұстаз еңбегінің ақталуы, үздік шыққан оқушы мерейінің үстем болуы – бір сөзбен айтқанда пәндік олимпиаданың қалалық және облыстық кезеңінен орын иелену - оқушының жеңісі болса, мұғалімнің мәртебесі. Олимпиаданың жабылуына арналған салтанатты жиында гимназия директоры К.А.Нургалиева оқушыларды және дайындаған ұстаздарды жеңісті еңбектерімен құттықтап, «жақсы сөз жарым ырыс» дегендей әр жеңімпаз, әр ұстазды ерекше мақтап, әрқайсысы гимназия мақтанышы екенін айтты. Алдағы уақытта да биік белестерден, алар үлестері үшін мықтылармен сайысқа түсуге үздіксіз дайындық керек екенін атап өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша облыстан ІІІ орын медалін жеңіп алған Адилбекова Нурсиптқа және басқа да жеңімпаз оқушыларға пән мұғалімдері өз аттарынан оқушыларына «Ынталандыру» сыйлығын ұсынғаны салтанатты жиыннның ерекше сәті болды. Бүгінгі және болашақ жеңімпаздарға терең білім, мықты денсаулық денсаулық, ұлттық рух тілейміз!

Новости