2023-2024 оқу жылына конкурстық негізде гимназияның бос жұмыс орындарына педагогтерді жұмысқа қабылдау 2023 жылдың 25 қыркүйекте өтеді.
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының (19.11.2021 № 568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.кz» және гимназиямыздың ресми сайтына «krguo.edu.kz», инстаграм сайтына «alihan_gimnaziasy» жарияланады.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау 14.09.2023 - 22.09.2023 ж. дейін жүргізіледі.
Мекен- жайы: Теміртау қаласы, Б.Момышұлы, 91. Тел. 955407
Эл. почта адрес: Bokeih@yandex.kz
Конкурстың өтетін уақыты: 25.09.2023жыл
2023-2024 оқу жылына төмендегі бос орындар бар, (педагог – сарапшы, педагог –зерттеуші біліктілік санаты міндетті):
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес тапсырылады, гимназия үшін педагогикалық еңбек өтілі бар үміткердің педагог – сарапшының, педагог –зерттеушінің, педагог –шебердің біліктілік санатының болуы міндетті.
- Биология пәні мұғалімі – 26 сағат
- Көркем еңбек пәні мұғалімі (ер балаларға) – 18 сағат
- Математика пәні мұғалімі – 12 сағат
- Тарих пәні мұғалімі – 14 сағат
- Химия пәні мұғалімі – 8 сағат
- Ағылшын тілі пәні мұғалімі – 10 сағат
- Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 15 сағат
- Информатика пәні мұғалімі – 20 сағат
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 20 сағат
Лауазымдық міндет: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.
- Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 0,5 жүктеме
- Директордың оқу-ісі жұмысы жөніндегі орынбасары – 0,5 жүктеме
Лауазымдық міндет:тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
Лауазымдық міндет:оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.
- Педагог-ұйымдастырушы – 1 жүктеме
Лауазымдық міндет:білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.
- Логопед – 1,5 жүктеме
Лауазымдық міндет:оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;
Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.