back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
2023-2024 оқу жылына Конкурстық негізде педагогтарды қабылдау жарияланды!
14-09-2023 12:06
2023-2024 оқу жылына Конкурстық негізде педагогтарды қабылдау жарияланды!

2023-2024 оқу жылына конкурстық негізде гимназияның бос жұмыс орындарына  педагогтерді жұмысқа қабылдау 2023 жылдың 25 қыркүйекте өтеді.

Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының (19.11.2021  № 568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.кz» және гимназиямыздың ресми сайтына «krguo.edu.kz», инстаграм сайтына «alihan_gimnaziasy» жарияланады.

 

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 14.09.2023 - 22.09.2023 ж. дейін  жүргізіледі.

Мекен- жайы: Теміртау қаласы, Б.Момышұлы, 91.  Тел. 955407

Эл. почта адрес: Bokeih@yandex.kz

Конкурстың өтетін уақыты: 25.09.2023жыл

 

2023-2024 оқу жылына төмендегі бос орындар бар, (педагог – сарапшы, педагог –зерттеуші біліктілік санаты міндетті):

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес тапсырылады, гимназия үшін педагогикалық еңбек өтілі бар үміткердің педагог – сарапшының, педагог –зерттеушінің, педагог –шебердің біліктілік санатының болуы міндетті.

  1. Биология пәні мұғалімі – 26 сағат
  2. Көркем еңбек пәні мұғалімі (ер балаларға) – 18 сағат
  3. Математика пәні мұғалімі – 12 сағат
  4. Тарих пәні мұғалімі – 14 сағат
  5. Химия пәні мұғалімі – 8 сағат
  6. Ағылшын тілі пәні мұғалімі – 10 сағат
  7. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 15 сағат
  8. Информатика пәні мұғалімі – 20 сағат
  9. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 20 сағат

Лауазымдық міндет:  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.

  1. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 0,5 жүктеме
  2. Директордың оқу-ісі жұмысы жөніндегі орынбасары – 0,5 жүктеме

Лауазымдық міндет:тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

Лауазымдық міндет:оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.

  1. Педагог-ұйымдастырушы – 1 жүктеме

Лауазымдық міндет:білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.

  1. Логопед  – 1,5 жүктеме

Лауазымдық міндет:оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.

Новости