«Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла, соңғы қоңырау»
1 маусым күні «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла, соңғы қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны 11 - сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен өтті. Биылғы оқу жылын 26 түлек бітіргелі отыр. Шара барысында Салтанатты шараның шымылдығы күмбірлеген күймен ашылды. Одан кейін гимназия директоры Нургалиева Куралай Акназаровна оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізе отырып болашаққа сәттілік тіледі. Бітіруші түлектер аяулы ұстаздарына, мектебіне арнап әндер орындап, қоштасу вальсін биледі.
Салтанатты жиын барысында өрт қауіпсіздіктері сақталынып, ұжым арасында кезекшілік құрылды.
Барша жас түлектерді алда үлкен сынақ күтіп тұр. Барлықтарыңызға Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Еліміздің білікті маман атануларыңа тілектеспіз.