back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
«ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ» КММ-НІҢ 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
01-09-2023 17:37

Жетекші мектеп тақырыбы:  «Жас мамандарға кәсіби қолдау көрсете отырып  ұлттық құндылықтар негізінде білім беруді дамыту».

Жетекші мектеп мақсаты: Жас мамандардың өзін-өзі тануына, олардың кәсіби дамуына оң ықпалын тигізетін коучинг, семинар-тренингілер ұйымдастыру, ұстаздардың педагогикалық шеберлік деңгейін, академиялық пән саласындағы құзыреттілігін және оны оқыту әдістемесін үздіксіз  жетілдіруге қолдау көрсету.

Жетекші мектеп міндеттері:

  • Кәсіби желілік қауымдастық құру арқылы жас мамандардың педагогикалық шеберліктерінің өсуіне ықпал жасау;
  • Оқыту процесіне «Lesson study» тәсілін енгізу барысын зерделеу, бақылау, жетілдіру, үлгермеушілермен жұмысты сапаландырудағы жас мамандардың рөлін арттыру;
  •  «Менің бір жылғы жетістігім» жас мамандарға арналған жинақ шығарып, тәжірибе алмасу;
  • «Өнегелі өмір» жобасы аясында жас мамандарды кәсіби жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:

Жас мамандардың сұранысын қанағаттандыра отырып,  оқу үрдісін сапалы ұйымдастыруды жүзеге асыру, кәсіби серіктестік қауымдастықта ұстаздардың педагогикалық шеберлігін шыңдауға ықпал ететін ынтымақтастық орта қалыптасады, жас мамандар қайта даярланады, кәсіби жетіледі.

Жалпы мәлімет:

  • Серіктес мектептер саны – 3 (№31 ЖББАОМ, №8ЖББОМ, «№23 Б.Момышұлы атындағы кадет-лицейі»)
Новости