Қарағанды облысы білім басқармасының
Теміртау қаласы білім бөлімінің
«Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ
2023-2024 оқу жылына конкурстық негізде гимназияның бос жұмыс орындарына педагогтерді жұмысқа қабылдау 2023 жылдың 14 қараша өтеді.
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының (19.11.2021 № 568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.кz» және гимназиямыздың ресми сайтына «krguo.edu.kz», инстаграм сайтына «alihan_gimnaziasy» жарияланады.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау 06.11.2023 - 13.11.2023 ж. дейін жүргізіледі.
Мекен- жайы: Теміртау қаласы, Б.Момышұлы, 91. Тел. 955407
Эл. почта адрес: Bokeih@yandex.kz
Конкурстың өтетін уақыты: 14.11.2023жыл
2023-2024 оқу жылына төмендегі бос орындар бар, (педагог – сарапшы, педагог –зерттеуші біліктілік санаты міндетті):
- Логопед – 1 жүктеме
Лауазымдық міндет:оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;
Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.
- Педагог-ассистент – 1 жүктеме
Лауазымдық міндет:психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.
- Педагог-ұйымдастырушы – 1 жүктеме
Лауазымдық міндет:білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.
- Көркем еңбек пәні мұғалімі (ер балаларға) – 18 сағат
- Бастауыш сынып мұғалімі – 1 жүктеме
Лауазымдық міндет: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес тапсырылады, гимназия үшін педагогикалық еңбек өтілі бар үміткердің (педагог – сарапшы, педагог –зерттеуші біліктілік санатының болуы міндетті.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам төменде көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
13) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.