2024 жылдың 19 сәуір күні ата-аналар жиналысында "Қауіпсіз интернет" тақырыбында ақпарат берілді.
Қауіпсіз интернет
Интернет —бұл мүмкіндіктер қоймасы ғана емес,қорқыныш көзі екенін біз түсінеміз. Бүгінгі күнде Интернет желісін пайдаланушылар ондаған миллион адам құрайды және оның басым бөлігі әлем торының қауібі туралы біле бермейтін -балалар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етейік!!!
Балалардың Интернеттегі қауіпсіздігі туралы
ЖАДНАМА
Ғаламторда жас пайдаланушыларға қауіп төндіретін қатердің келесі түрлері бар:
• өзіне өзі қол жұмсаушылардың сайттары;
• өзін-өзі өлтірушілердің сайттары, форумдары;
• нашақорлардың сайттары (интернет марихуананың пайдасы туралы ақпараттарға толы, қауіпті өсімдікті дайындаудағы кеңестерберіледі);
• ұлтараздықты тудыратын, ұлттар арасындағы достыққа қарсы тұратын және нәсілдерді қабылдамайтын сайттар (экстремизм, ұлтшылдық, фашизм);
• порнографиялық бағыттағы сайттар;
• танысу сайттары (виртуалды қарым-қатынас шынайы қарым-қатынасты жүргізуге кедергі болады, жасөспірімдер коммуникативтік дағдылардан айырылады);
• экстремизм, зорлықты және әумесерлік мінез-құлықты насихаттайтын, таныс емес адамдардың тарапынан оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, жеке кездесулерге шақырып, алаяқтықтың түрлерін насихаттайтын сайттар;
• секталар (виртуалды әңгімелесуші жасөспірімнің дүниетанымына әсер ете алады).