back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
2024-2025 оқу жылында "Мектепке жол" акциясы бойынша іс-шаралар.
25-07-2024 18:55
2024-2025 оқу жылында
Құрметті ата-аналар!
Жаңа оқу жылының қарсаңында мектептерде жалпыға бірдей білім беру қорының есебінен түрлі санаттағы балаларға материалдық көмек көрсету жұмысы жалғасуда.
Мектептің алқалы органы - қамқоршылық кеңес анықтайтын бұл көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ, төтенше жағдайда қалған және өзге де санаттағы балаларға беріледі.
Ақша қаражаты ата-аналардың карталық шотына аударылады, бұл оларға балаларымен бірлесіп мектеп формасын, аяқ киім, кеңсе тауарларын және басқа да қажетті заттарды алуға мүмкіндік береді. Биылғы ақшалай көмектің мөлшері 43 407 теңгені құрайды.
Ағымдағы жылдан бастап қаржылай және материалдық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.
Осыған байланысты, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Сіз «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізілімінде қарастырылған растаушы құжаттарды қоса ұсына отырып, мектептің кеңсесіне өтініш беруіңіз қажет.
Барлық қажетті бекіту құжаттарды: өтініш берушінің жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігі, некеге тұру немесе некені бұзу туралы куәлік, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек немесе қызмет алушыға жататыны туралы, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын тұлғалардың табысы туралы, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қорғаншылық пен қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге және асыранды отбасына алынған балалар туралы, ата-аналар немесе заңды өкілдері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. ???? 955407
Новости