2024-2025 оқу жылында "Бір реттік қаржылай көмектің" ұйымдастырылуы
Құрметті гимназияның ата-аналары! Жыл сайын ұйымдастырылатын бір реттік қаржылай көмекке құжат жинау басталды.
І.Қажетті құжаттар тізімі:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) “АХАЖ тіркеу пункті” ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;
4) неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда);
5) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы, осы Қағидалардың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар санатын патронаттық тәрбиелеуге және қабылдау отбасына беру туралы уәкілетті органның шешімінің көшірмесі;
6) осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаты үшін “Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №46 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10325 болып тіркелген) бекітілген Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тергеп-тексеру актісі қоса беріледі.
Ескерту: ата -аналар отбасының барлық табысын қосып отбасының мүшелеріне бөлгенде 46.900тг аспау қажет. Берілетін қаржының мөлшері 43.407тенге.
Гимназия ішінде құжаттарды рәсімдеу тізімі
АКТІ ата-ана бір реттік көмек 2024
бір реттік көмек АНЫҚТАМА 2024
хаттама қорытынды бір реттік 2024
Директор жанында қаралған хаттама