Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы
30.10.2024.Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» Астана қаласы НЗМ ДББҰ-ның басшылары ұйымдастырған «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына қатысушы мектептердің басшыларымен «Тірек мектептер миссиясы: Эгалитарлық білім беру» тақырыбында өткен КЕҢЕС отырысына аталған гимназия директоры К.А.Нургалиева, орынбасары К.Бопан қатысып, тәжірибе алмасып қайтты. Кеңестің негізгі мазмұны- білім беру саласын тұрақты дамытудағы қол жеткізген жетістіктерді бағалау, алда тұрған мақсаттарды айқындап, бірлесіп шешу болды.
Сонымен қатар 31.10.2024. күні гимназияның 16 мұғалімі, директоры мен орынбасарлары НЗМ-мен бірлескен жоспар бойынша тәжірибелік -тағлымдамаға қатысты. НЗМ директоры-Куралай Тлеубердиевна, ғылми орынбасары- Еркин Нурланович өңір мектептерімен қоса Теміртаулық әріптестерін қарсы алып, атқарылып жатқан нәтижелерімен бөлісті. Куралай Тлеубердиевна «Командалық басқарудың аспектілері» тақырыбында өз тәжірибесімен ой бөлісіп, әріптестермен пікір алмасты. НЗМ бүгінгі таңда білім беру ісін тұрақты дамытуда сүбелі рөл атқарып отырған бірегей білім мекемесі. Ұстаздарымыз «Lesson Study» жобасын жүргізу, зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, ұжымның психологиялық ахуалына қолдау көрсету тақырыптарында тәжірибелік -тағылымдамаға қатысып, жоғары көңіл күймен қайтты. Кездесу ұйымдастырған НЗМ ұжымына алғыс, жұмыстарына сәттілік тілейміз!
Кездесу барысынан фотошолу