“Ақиқатты іздеген ақын” тақырыбы бойынша Мағжан Жұмабаев оқулары

5 қарашада Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент мұражайында “Ақиқатты іздеген ақын” тақырыбы бойынша Мағжан Жұмабаев оқулары өтті. Гимназиямыздан 9 “А” сынып оқушысы Жұмабай Аида, жетекшісі Айкеева Г.Б.,
10 “А” сынып оқушысы Сарыбай Назира, жетекшісі: Дүйсенбай А. қатысты. Жұмабай Аида ынталандыру марапатымен марапатталды. Сарыбай Назира І дәрежелі диплом және 100.000 теңге сыйақыға ие болды. Гимназия оқушыларын құттықтаймыз!