back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
№29 Конкурс 12.11.2024 ж. Педагогтың бос лауазымына үміткерлерді іріктеу үшін өткен конкурс комиссиясының отырысының шешімі.
13-11-2024 13:41
№29 Конкурс 12.11.2024 ж.  Педагогтың бос лауазымына  үміткерлерді іріктеу үшін өткен конкурс комиссиясының отырысының шешімі.

Педагогтың бос лауазымына  үміткерлерді іріктеу үшін конкурс комиссиясының отырысы

 № 29 хаттама

 

12 қараша 2024 ж.

Қатысқандар- 3

Қатыспағандар-2

 

1. Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Комиссия төрайымы:

1. Б.Калима – директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары;

Комиссия мүшелері:

2. Э.С.Юшкова – Теміртау қаласы білім бөлімі;

3. Р.Тоймырзаева – кәсіподақ төрайымы;

4. Ш.Кукимова – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

5. Г.Айкеева – қазақ тілі пәні мұғалімі;

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛАТЫН МӘСЕЛЕ:

1.                      «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» 154-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынған педагогтердің бос лауазымына орналасуға үміткерлердің құжаттарын қарау және педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігі;

 

ОТЫРЫС БАРЫСЫНДА ТЫҢДАЛДЫ:

1.Комиссия төрайымы Бопан Калима 2024 жылғы 31 қазан бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.кz» және гимназиямыздың ресми сайтына «krguo.edu.kz», инстаграм сайтына «alihan_gimnaziasy» жәнепедагогтарды жұмысқа қабылдау сайтына«hr.nobd.edu.kz» жарияланды:

 

1.    Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 0,5 жүктеме

Лауазымдық міндет:тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамының өкілдерімен өзара іс- қимылын үйлестіреді;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты

 

2.    Мұғалім-логопед  – 0,5 жүктеме (гимназия қарамағындағы шағын орталыққа)

Лауазымдық міндет:оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.

 

3.    Мұғалім-дефектолог  – 0,5 жүктеме (гимназия қарамағындағы шағын орталыққа)

Лауазымдық міндет:оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.

 

4.    Педагог-ұйымдастырушы  – 1 жүктеме

Лауазымдық міндет:психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.

 

5.    Аға-тәлімгер (вожатый)  – 1 жүктеме

Лауазымдық міндет:оқушылардың бастамаларын, мүдделері мен қажеттіктерін ескере отырып, еріктілік, «өзін-өзі басқару ұйымы», «жас ұлан», «жас қыран» адамгершілік және демократизм принциптері бойынша балалар қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері жұмыстарын бағдарлауға көмектеседі, олардың қызметін дамытуға ықпал етеді;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты

 

6.    Музыка пәні мұғалімі (мини-центр) – 1 жүктеме

7.    Бастауыш сынып мұғалімі – 8 сағат

8.    Математика пәні мұғалімі – 8 сағат

9.    Ағылшын тілі пәні мұғалімі – 8 сағат

Лауазымдық міндет:  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.

 

Сондай-ақ, ол «Педагог лауазымына тағайындау қағидалары» 154 тармақ туралы, онда конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайтынын айта кетті:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)  Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

11) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

13) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.    

 

Конкурсқа қатысуға құжат тапсырған  мұғалімдер төмендегідей:

Логопед-дефектолог – Абдиреймова Жазира Шавкатовна

 

Комиссия төрайымы Бопан Калима  өз сөзінде  - үміткер Абдиреймова Жазира Шавкатовнаесімді үміткерлердің құжаттары қолданыстағы Ереженің 154-тармағына  сәйкес екендігін атап өтті.

Отырыс барысында комиссия мүшелері педагогтың бос лауазымына қабылдау комиссиясының барлық ережелерін ұстана келіп, үміткерлерге конкурстан өтуі немесе өтпеуі туралы мәселені егжей-тегжейлі түсіндіріп отырды. Нәтижесінде конкурс талаптарына сай рәсімделген құжаттар бар мұғалім бос лауазымға шақырылды.

Қаулы етіледі:

Үміткерлердің  құжаттарының талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша комиссия ұсынады:

1.   Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласы білім бөлімінің «Ә. Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ директоры К.Нургалиеваға азаматша Абдиреймова Жазира Шавкатовнагимназия қарамағындағы шағын орталық мұғалім-логопед лауазымына қабылдауды ұсынады.

 

 

Комиссия төрайымы :                                              К. Бопан

 

Комиссия мүшелері:                                                 Э.Юшкова

                                                                                       Р. Тоймырзаева

                                                                                       Ш.Кукимова

                                                                                       Г.Айкеева

                                                                                     

Хатшы                                                                          А.Турниязова

Новости