back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
«Ұлтқа қызмет-ұстазға міндет» тақырыбында Әлихан Бөкейхан атындағы мектептері арасында облыстық І Құрылтайы болып өтті.
14-03-2025 12:14
«Ұлтқа қызмет-ұстазға міндет» тақырыбында Әлихан Бөкейхан атындағы мектептері арасында облыстық І Құрылтайы болып өтті.

14.03.2025ж.«Ұлтқа қызмет-ұстазға міндет» тақырыбында Әлихан Бөкейхан атындағы мектептері арасында облыстық І Құрылтайы болып өтті.
Құрылтай мақсаты: Әлихан Бөкейхан атындағы мектептері арасында ынтымақтастықты арттыру, алаш зиялыларының еңбектерін жас ұрпаққа дәріптеу болды.
Құрылтай ережесі бойынша ерекше атсалысқан үздіктер Құрылтай Алғыс хатымен, олимпиадаға қатысушыларға және көрініс орындау шеберлігіне орындар беріп марапаттады. Облыстық І Құрылтайдың «Q-talks» «Үздік спикері» Алғыс хатымен
Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» директоры Нургалиева Куралай Акназаровна, «Үздік ұйымдастырушы- сценарист» Алғыс хатымен Калима Бопан, «Үздік рөл сомдаушы» Алғыс хатымен Айтбаева Айгуль Сагатовна марапатталды. Сонымен қатар тарих пәнінің олимпиадасынан Куатбаев Елдос Умиркулович І орын, Бүлкенбаева Райхан Ибадуллақызы ІІІ орын иеленді.
К.Бопан сценарийімен қойылған «Қазақтың қара баласы» көрінісі жүлделі ІІ орынға ие болды.
Құрылтайға гимназия атынан қатысқан Сарсепбаева А. Д., Тоймырзаева Р. А, Ибрагимов Ж.У., Хурмангали С, Тогторхан Қ. М, Испаева Б.А., Насыров А. Ш., Омарова Г. Х, Мадыбекқызы М, мобильдік топ Есім Н, Жумабаева А, Алдамуратова А, гимназия әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!
І Құрылтайды жоғары деңгейде ұйымдастырған «Ә. Бөкейхан атындағы ЖББМ» ұжымына да алғыс білдіріп, еңбектеріңіз жемісті болсын дейміз!

Новости