
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» республикалық акциясының басталғанын хабарлайды.
Акцияның мақсаты – әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету, білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Барша тұрғындарды, кәсіпкерлерді және ұйым өкілдерін акцияға белсенді қатысуға, көмекке мұқтаж балаларға қолдау көрсетуге шақырамыз.
Сіздер мектеп формасы, оқу құралдары, аяқ киім және басқа да қажетті заттармен көмек көрсете аласыздар.
Акцияға қатысу мәселелері бойынша «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ тікелей хабарласуға болады 8 (7213)95-54-07