back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
«Астана қаласы НЗМ» мұғалімдерімен бірлескен әріптестік тәжірибе-тағылымдама алмасу отырысы
12-11-2025 09:35
«Астана қаласы НЗМ» мұғалімдерімен бірлескен әріптестік тәжірибе-тағылымдама алмасу отырысы

12.11.2025ж. Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясында  «Астана қаласы НЗМ» мұғалімдерімен бірлескен әріптестік тәжірибе-тағылымдама алмасу отырысы болып өтті. Кездесудің негізгі мақсаты:  «Action  research»(іс-әрекетті зерттеу) арқылы  «NIS/Share» зерттеу жобасын жүзеге асыру. Аталған жобаның негізгі мақсаты: мектептегі өзекті проблемаларды анықтау арқылы мұғалімдердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру. 

«Астана қаласы НЗМ» келген әріптестер «NIS-Share» зерттеу жобасы бүгінгі күні өз нәтижесін беретін Отандық жобалардың бірі екенін, ол арқылы мектептегі толып жатқан мәселелерді зерттеу, «Іс-әрекетті зерттеу» тәсілін пайдалана отырып тиімді шешімдерді енгізу арқылы мектеп қызметін жақсарту мүмкіндігі бар екенін дәлелдеп ой бөлісті. Мұғалімдер үшін ортада бірлескен топтық зерттеу жүргізу тиімді екенін түсіндірді. Топтан кәсіби зерттеушілер қауымдастығын құру, одан тәжірибе алмасу серіктес мектептермен өзара ынтымақтастық орнату сынды ауқымды жұмысты бірлесіп бастауға өзара жоспар келісілді. «Астана қаласы НЗМ» мұғалімдері ата-аналармен, тарих, математика, ағылшын тілі мұғалімдерімен жеке – жеке «Lesson study» тәсілінен тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырды. Біздің гимназияда бұл жұмыс бастау алғалы бірнеше жыл болған, мұғалімдер «Lesson study» тәсілін меңгерген, тәжірибелі мұғалімдер бар  болғандықтан, бірден 1 топ құрып, зерттеу мәселесін  «Оқыту-сауаттылыққа зейінін шоғырландыру» деп  анықтады. Неге бұл тақырып десеңіз, қазір бастауыш, орта буында, тіпті жоғары буында да ежелеп оқитындар көбеюде. Оқушылардың айтылымы, түсініп баяндау тілі шолақ, телефонға тәуелділік көп, сондықтан да топ мүшелері мектептегі негізгі мәселе «Оқыту»  деп шешті. Алдағы уақытта жұмыс барысымен бөлісіп отыратын боламыз. «Астана қаласы НЗМ» келген әріптестерге рақмет, еңбектері жемісті болсын, бірлескен жобаны жүзеге асыруға дайынбыз!

Новости