back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
2025-2026 оқу жылына конкурстық негізде гимназияның бос жұмыс орындарына педагогтерді жұмысқа қабылдау 2026 жылдың 23 қаңтар өтеді.
13-01-2026 17:29

 

Қарағанды облысы білім басқармасының

Теміртау қаласы білім бөлімінің

«Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ

 

2025-2026 оқу жылына конкурстық негізде гимназияның бос жұмыс орындарына  педагогтерді жұмысқа қабылдау 2026 жылдың 23 қаңтар өтеді.

Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.кz» және гимназиямыздың ресми сайтына «krguo.edu.kz», инстаграм сайтына «alihan_gimnaziasy» жәнепедагогтарды жұмысқа қабылдау сайтына«hr.nobd.edu.kz» жарияланды.

 

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 13.01.2026 – 22.01.2026 ж. дейін  жүргізіледі.

Мекен- жайы: Теміртау қаласы, Б.Момышұлы, 91.  Тел. 955407

Эл. почта адрес: temr-oso-7509@bilim09.kz

Конкурстың өтетін уақыты: 23.01.2026 жыл

 

2025-2026 оқу жылына төмендегі бос орындар бар:

 

  1. Математика пәні мұғалімі – 1 жүктеме (декретке шыққан мұғалім орны)

Лауазымдық міндет:  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады

педагог–сарапшы, педагог–зерттеуші біліктілік санаты міндетті;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.

 

  1. Мұғалім-логопед  – 0,5 жүктеме

Лауазымдық міндет:оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;

педагог біліктілік санаты міндетті;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.

 

  1. Педагог-ұйымдастырушы  – 1 жүктеме

Лауазымдық міндет:Білім алушылардың жеке басын, таланттарын және қабілеттерін дамытуға ықпал ету; Білім алушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыру; Білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру, Әлеуметтік саланы педагогизациялау;Жас және психологиялық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерттеу;

педагог біліктілік санаты міндетті;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.

 

  1. Кітапханашы  – 1 жүктеме

Лауазымдық міндет:мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастырады,  қалыптастырады,  кітапхана қорының сақталуын және жүйеленуін  қарайды.

педагог біліктілік санаты міндетті;

Айлық төлем көлемі:білім деңгейі, біліктілік деңгейі және педагогикалық өтіліне байланысты.

 

 

 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес тапсырылады, гимназия үшін педагогикалық еңбек өтілі бар үміткердің (педагог, педагог-модератор, педагог–сарапшы, педагог–зерттеуші біліктіліксанатының болуы міндетті).

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог- шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) осы Қағидаларға , сәйкес нысан бойынша педагогтің бос 12, 13-қосымшаларға немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 

 

Новости