back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №4"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №4"
Тегін тамақтану
28-09-2023 14:51
Тегін тамақтану
☑️ Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ыстық тамақты конкурстық негізде таңдалатын қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсетуге мамандандырылған жеткізушілер жүзеге асырады.
 
☑️ Тегін ыстық тамақпен 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік осал топтарының 5-11 сынып оқушылары қамтылды.
 
☑️ Барлық бастауыш сынып оқушыларына және жалпы білім беру қоры есебінен бөлінетін каражат 448 тг. құрайды. 
 
☑️ Облыс бойынша жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушыларына  және әлеуметтік осал топтарының 5-11 сынып оқушыларына арналған бірыңғай перспективалық (ұсынылатын) екі апталық тағамдар мәзірі жаңартылды және бекітілді.
 
☑️ Көрсетілетін қызметтердің сапасын мониторингтеу мақсатында барлық өңірлерде мәслихат, қамқоршылық кеңестер, ата-аналар жұртшылығы, көпбалалы отбасыларды қолдау орталықтары, ҮЕҰ және т.б. өкілдерінен тұратын ведомствоаралық сараптамалық топтар құрылды.
 
☑️ Мектептерде тамақтануды ұйымдастыру туралы ата-аналарды хабардар ету үшін білім беру органдары мен ұйымдарының сайтында «Мектептік тамақтандыру» айдары, сондай-ақ «Bilimal. Электронды мектеп» жүйесінде ас мәзірі, тағамдардың фотосуреті, бракераж комиссияларының және ведомствоаралық сараптама топтарының актілері қоса беріледі.
 
☑️ Мектептер асханаларының ас блоктарында бейнебақылау жүйесі орнатылды. Сондай-ақ балалардың тамақтануына ата-ананың бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі енгізілді.
 
☑️ Азаматтардың әлеуметтік желілердегі және БАҚ-тағы өтініштері бойынша ведомствоаралық сараптама тобы аталған объектілерге барады және тексеру қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Новости