І.2021 жылы 30-қараша күні Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл тоуына орай «Самғатқан сан қыранды алтын ұям» тақырыбында мектебіміздің 50 жылдық мерей тойы өткізілді.
Іс-шараның І бөлімінде 50 жылдық мерей тойының ашылуы, «Теміртауда шыңдалған-ұлт көшбасшысы» Елбасы Н.Ә.Назарбаев атындағы тарихи өлкетану мұражайының ашылуы.
Жауапты ұйымдастырушылар: ДТІЖО А.С.Резина, А.Ш. Коянбаев
Іс-шараның ІІ бөлімінде «Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытудағы үйірме жұмыстарының тиімділігі» тақырыбында 50 жылда ел жаңа демекші, қазіргі жаңа технология әдіс – тәсілдері көрсетілді. Жауапты ұйымдастырушы: ДОІЖО А.К.Оспанова
Әр пән бірлестіктері төменде көрсетілген тақырыптар бойынша өз іс-тәжірибелерін ортаға салды:
- Бастауыш сыныптар «Бауырсақ» ертегісі қойылымы;
- Орыс тілі мен әдебиеті «Теремок» ертегісі қойылымы;
- Қазақ тілі мен әдебиеті «Кітап-алтын қазына»;
- Ағылшын тілі «English opens doors»;
- Тарих пәні «Ұлы даланың жеті кереметі»;
- STEMзертханасы: химия, биология, физика, география, жаратылыстану;
- Робототехника «Робототехника біздің өмірімізде»;
- «Математика-Ғылымдар бастауы»;
- Химия, Физика пәндері: «Қызықты зертхана»;
- Дене шынықтыру пәні: «Спорт-салауатты өмір салты»;
- Кітапхана «Тәуелсіздік-тұмарым, мәңгілік ел-тұғырым»;
- Технология «Қолөнер-сырлы өнер»;