back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №2"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №2"
Марапаттау
30-06-2023 14:44
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ
ҚАРАҒАНДЫ  ОБЛЫСЫ
ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ
 
МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ
1. Тегі, аты-жөні: Бозаева Асылжан Канатовна
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны:   директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі пәні мұғалімі, Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
3. Жынысы: әйел                                                                                       
4. Туған жылы және жері: 23.01.1978 жыл, Қарағанды облысы 
5. Ұлты: қазақ                                                           
6. Білімі: жоғары, Қарағанды мемлекеттік университеті, 2005 жыл 
7. Ғылыми дәрежесі мен атағы  – жоқ
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградары: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы 2021 жыл  
9. Үйінің мекенжайы: – Теміртау қаласы, Металлургтер даңғылы 21/2а-40
10. Жалпы еңбек өтілі – 25 жыл
11. Саладағы еңбек өтілі-   19 жыл
12. Аталған еңбек ұжымындағы еңбек өтілі  - 11 жыл
13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегі жетістіктерінің белгіленуімен мінездемесі:
  Бозаева Асылжан Канатовна – тәжірибелі мұғалім, оқытудың озық әдістерін жетік меңгерген. Ол өз пәнінің  ғылыми-теориялық негіздерін  жоғары деңгейде меңгеруімен, үнемі оқытудың өнімді әдістері мен жолдарын жетілдіруі мен ізденуімен ерекшеленеді.  Бозаева А.К өзінің жұмысында білім берудің инновациялық тәсілдерін қоланып, тұлғаны тәрбиелеу мен дамытуды жүзеге асырады,  балаларды  зерттеу жұмыстарына қызықтырады.
Бозаева Асылжан Канатовна қажырлы еңбегінің нәтижесінде келесі жетістіктерге қол жеткізді:
Халықаралық қашықтық олимпиадада ағылшын пәні бойынша  оқушылары  I II, III   дәрежелі дипломдардың иегерлері, «Кенгуру-Лингвист»  және «BRITISH BULLDOG» халықаралық  сайыстарынын жеңімпаздарды,  шығармалар сайыстарының женімпаздары.
Бозаева А.К – директордың кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары.  Мектепте оқушыларды  ҰБТ және ОЖСБ  дайындауда оның жасаған жұмыс жүйесі білім сапасының тұрақты өсуіне ықпал етеді және оң нәтиже береді.
Директор орынбасарының мектептің оқу процесін ұйымдастырудағы құзіреттілігі - жас түлектердің мамандықты дұрыс таңдау жасауына бағыт беріп, мамандықтар әлемімен таныстырып,   өз қабілеттері мен қызығушылығына сәйкес мамандық таңдауына ықпал етеді.
Асылжан Канатовнаның жетекшілігімен оқушылары қаланың жоғары оқу орыны мен  колледждерінде,  мектепаралық оқу-өндірістік комбинатында кәсіби бағдар бойынша өткізетін барлық іс-шаралар мен байқауларға қатысып, олардан  жүлделі орындар алады. 
Нәтижесінде  мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының жасаған қалалық рейтингісі бойынша Асылжан Канатовна төрт жыл қатарынан бірінші орында тұр.
Асылжан Канатовнаның табанды еңбегінің нәтижесінде жасақталған мектептің кәсіби бағдар беру бойынша кабинеті Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған облыстық «Үздік кәсіби білім беру кабинеті» байқауында  I –орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. 
    Асылжан Канатовна  оқушыларды зерттеушілік, шығармашылық жұмысқа талмай жетелеп отырады. Оның оқушысы, мектеп түлегі Тұрымов Махсат  Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырған «Мамандықты таңдауым-тағдырымды таңдауым» атты байқауында I орынды жеңіп алып, ректордың грантына ие болды , ал дайындаған келесі оқушысы Ұсайын Досым аталмыш байқауда II орынды иеленіп,  оқу ақысының  50% жеңілдігіне қол жеткізді.
«Менің кәсіби бағдарым» тақырыбы бойынша Теміртау қаласының оқушылары және колледж талапкерлері арасындағы IV ғылыми-тәжірибелік конференциясында 10 сынып оқушысы Оринбасарова Акмарал байқауда II орынды иеленді.
Теміртау қаласы білім беру бөлімінің шығармашылық жұмыстарына белсене қатысып, жоғары кәсіби біліктілік танытқаны үшін Мадақтама 2020 жыл;
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі қол жеткізген табыстары үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы 2021 жыл;
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Болашаққа жолдама» облыстық форумының аясында өткен «Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауының жүлдегері ІІ дәрежелі Диплом 2022 жыл;
 
Асылжан Канатовна тәжірибесі мол  оқытушы ретінде өз тәжірибесімен жас мамандармен бөлісіп, әдістемелік көмек көрсетеді, педагогикалық мәселелерді шешіп, көмектесуге әрдайым дайын,  ұжымда оқушылардың, ата–аналардың, мұғалімдердің құрметіне ие.
Новости